Жалған жолдама сатқан алаяқ ұсталды

07 қараша 2023, 10:57


Алаяқтық жасады деген күдікпен Көкшетау қаласының тұрғыны ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, ол өзін туроператор ретінде таныстырып, әлеуметтік желі қолданушыларына жоқ жолдамаларды сатқан.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің 7 қараша күнгі мәліметінше, Көкшетау полициясына Астана қаласының тұрғыны хабарласқан. Ер адам қыркүйек айының басында Instagram желісінде туристік жолдамалар сатылатыны жөнінде жарнамаға кез болғанын, қызыққан соң «туроператорға» хабарласқанын айтты.

Туристік сапарларды «ұйымдастырушыға» сеніп қалған Астана тұрғыны Тайландқа төрт жолдамаға жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам ақша жіберген. Ол ақшаны агенттік қызметкеріне «тиесілі» есепшотқа аударған. Алайда «туроператор» сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдіктіні жедел анықтады. Ол Көкшетаудың 20 жастағы тұрғыны болып шықты, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу