Жалған доллар жасап, 15 мың теңгеге өткізгендер ұсталды

10 қазан 2023, 11:01

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов мәлімдегендей, екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізген.
Жалған ақшаны өткізу барысында күдікті тұлғалар ұсталып, жүргізілген тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары анықталып алынды.

Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
ҚМА жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.

Егер сіз жалған купюраны тапсаңыз, дереу түрде тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне немесе ҚР ҚМА call-орталығына хабарласыңыз.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді