jasqazaq.kz

Жалдамалы жұмысшыларға тұрақты жұмыс орындары ұсынылды

20 қыркүйек, 15:06

Қай қалада да тұрақты тіркелмей, әркімге бір жалданып жұмыс істейтін азаматтар табылады. Күнделікті нәпақасын тапқанымен, ондай жандар жұмыс беруші тарапынан қысым көргенде немесе маңдай термен тапқан ақшасын төлемеген кезде құқығын қорғауы қиынға соғады. Шымшаһарда осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін жалдамалы жұмысшылармен кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Сондай кездесудің бірі Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығының Әл-Фараби ауданы бойынша мансап орталығының ұйымдастыруымен І.Жансүгіров көшесінің бойында күндік ақыға жалданып жұмыс істейтін азаматтармен өткен кездесу.
Кездесудің басты мақсаты – бейресми түрде еңбек етіп жүрген азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары мен жұмыспен қамту бағдарламалары туралы кеңірек ақпарат беру және оларды тұрақты, ресми жұмысқа тарту болды.
Күнделікті табыс табу үшін ауыр жұмысқа жалданып жүрген азаматтарға қаладағы индустриалды аймақтардан, сонымен қатар құрылыс, логистика, қызмет көрсету және коммуналдық шаруашылық салаларынан бос жұмыс орындары ұсынылды.
Мамандар жұмысшыларға «Жастар практикасы», Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орындары», кәсіптік білім беру сынды бағдарламалардың шарттары мен артықшылықтары туралы жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, ресми түрде жұмысқа орналасудың зейнетақы жарналарын аудару, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу, еңбек құқығын қорғау, тұрақты табыс пен кәсіби өсу мүмкіндігі сияқты маңызды тұстары түсіндірілді.
Азаматтардың бірқатары ұсынылған жұмыс орындарына қызығушылық танытып, резюмелерін қалдырып, орталық қызметкерлеріне қосымша ақпарат алу үшін жүгінді.
Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы алдағы уақытта да еңбекке қабілетті, бірақ бейресми секторда жүрген азаматтарды ресми еңбек нарығына тарту бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыратын болады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке