jasqazaq.kz

Жалдамалы пәтердегі студенттер қайда тіркеледі?

13 қантар 2017, 16:52

Елiмiзде қабылданған уақытша тiркеу туралы заң елордаға бiлiм қуып келген студенттердi де әуре-сарсаңға салды. Бүгiн пәтер жалдап тұратын студент жастарға жатақханаға тiркелуге рұқсат берiлмейтiнi белгiлi болды. Бұл туралы IIД Көшi-қон полициясының подполковнигi Қанат Досмағанбетов Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де уақытша тiркеуге қатысты өткен жиында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

 «Пәтер жалдап тұратын студенттер жатақханаға тiркеле алмайды. Пәтерде тұратындар сол пәтерге тiркелуi қажет. Тұрғын үй кодексiнiң 23-24 бабында баспанасын жалға берген пәтер иесi азаматтарды мiндеттi түрде тiркеуі керек делiнген. Баспана «квадратурасы» көтермесе, олар басқа пәтер iздеп табуы керек», — дедi Қ.Досмағанбетов.

Бұл мәлiмдемеге жиынға қатысқан студенттер наразылығын бiлдiрдi. Олар ешкiм пәтерге алмай жатқанын айтып шуласты.

Ал Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтiк-мәдени даму жөнiндегi проректор Дихан Қамзабекұлы университеттiң барлық 17 мың студентiн жатақханамен қамти алмасақ та, олардың барлығын жатақханаға тiркеу мүмкiндiгi берiлсе, тiркер едiк дейдi. «Студенттердi өзiмiз бақылаймыз, себебi бұл жаңашылдық студенттердiң оқуына кедергi жасап отыр. Бiзде жатақханамен бар-жоғы 4 мыңға жуық студент қамтылған», — дейдi Д.Қамзабекұлы.

Проректор жатақханаға тiркеу мүмкін болмаса, онда университетке тiркеу керек деген ұсыныс айтты. Өйткенi студенттердiң бiрнеше айлық демалысын (каникулын) да ескеру керек. Жиынға қатысқан оқытушылар да түрлi ұсыныстарын айтып шыр-пыр болды.

Қанат Досмағанбетов уақытша тiркеу мерзiмi бiр жылға дейiн созылатынын айтты. Одан кейiн азаматтар қайта тiркелуі керек.

 

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы