jasqazaq.kz

Жалғызбасты аналар Қамқорлық үйіне алаңдайды

03 қазан 2016, 23:44

ana

Соңғы үмітпен 31 арна арқылы мұңдарын жеткізген қарағандылық  жалғызбасты аналардың көз жасына қарайтын  ешкім болмай тұр. Айтуларынша, өңірдегі жалғыз қамқорлық үйі жабылуы мүмкін екен. Басына баспана таба алмай, балаларын арнайы орталыққа бағып жүрген аналардың зар илейтіндей жөні бар. Өйткені, қамқорлық үйі жабылса, перзенттерінің жанарын жәудіретіп, жетімдер үйіне тапсыруға мәжбүр болады.

Күнін әупірімдеп әрең көріп жүрген Қамар Кемелбаеваның егіз баласы бір жарым жастан бері осы қамқорлық үйінде. Беске келіп қалған қос бүлдіршінді «бауырыма басып, қасыма  алғым-ақ келеді», -дейді ана. Бірақ сөзінше, есік-терезесінен жел аңқыған жатақхананың бір бөлмесінен балалары түгіл, өзі де аурушаң болыпты. Сондықтан жалғыз басты аналарға арналған қомқорлық үйіне әкелуден өзге амалым болмады,-дейді.

 ҚАМАР КЕМЕЛБАЕВА, Жалғызбасты ана:  

— Терезенің бәрі аңғал-саңғал. Еденімде нормальный зат жоқ. Кафельде қыс бойы тұрып шықтық.

МЕЙРАМГҮЛ САЛҚЫМБАЕВА, Тілші:

— Барар жері, басар тауы жоқ жиырмаға жуық жалғызбасты ана дүйсенбі мен жұма аралығында балаларын осы жерге қалдырады. Жұмысқа орналасып, баспаналы болғанша балалар үкіметтің қарамағында болады. Яғни тәрбиеленуші бүлдіршіндер үшін тамақ та, киімдері де толықтай тегін. Баланы бұл үйде қалдыру үшін облыстық Білім Басқармасының рұқсаты керек екен. Ал орталықта қалдыру мерзімі әр жарты жыл сайын ұзартылады екен.

Бірақ бұл жолы жауапты мекемедегілер қамқорлық үйін паналау мерзімін ұзартпапты. Өйткені, 2000 жылы Сара Назарбаева ашып кеткен орталық жабылуы мүмкін дейді аналар. Білім басқармасының басшысы балаларды өзге жерге орналастыруға уақыт берген, — айтуларынша. Ал алып кетпеген әйелдер аналық құқығынан айырылып, бүлдіршіндері жетімдер үйіне тапсырылады деген.

— Өз баламды қайтіп мен балалар үйіне тапсырамын. Мен дүниеге әкемеген шығармын баламды «Шапағатқа»тапсыратындай, не болмаса, «Ботагөзге» тапсыратындай.

Ал білім басқармасындағылар аналарды аналық  құқықтарынан айырмаймыз деп отыр. Тек «балалар өзге қалаға көшіріліп, 2000 жылы ашылған орталық» кеңейтіледі дейді. Өйткені, қамқорлық үйі тек 30 балаға ғана арналған екен.

АЛМА ҚАҢТАРБАЕВА, Қарағандыоблыстық Білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы:

— Сондықтан бізге бірнеше ата-ана өтініш білдірген болатын. Кездесу барысында мәлімдеме бергенбіз. Алайда ол кісілердің тарапынан түсінбестік болған сияқты.

Бірақ шенеуніктер жоспарды қашан іске асыратындарын айтпай отыр. Өйткені, әлі тиісті құжаттар

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік