jasqazaq.kz

Жалған ақша жасағандардың жолы кесілді

13 қантар 2017, 12:02

Алматы облысы бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 1000, 2000 және 10 000 теңге номиналындағы купюралар жасалған жасырын цехті анықтады.

Tengrinews.kz хабарлағандай, «Алматы облысындағы Іле ауданында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жалған купюраларды сату кезінде Қазақстан Республикасының 1984 жылғы азаматшасы ұсталды, одан 1,2 миллион теңге сомасында қаражат анықталып, тәркіленді. Тексеріс барысында Алматы қаласында жалған ақша жасайтын баспахана анықталды», — деп хабарлады Мырзахан.

Баспахананы тінту барысында 1000, 2000, және 10 000 теңге номиналындағы купюраның формасы түрлі-түсті басылған 25 мың теңгелік А4 форматындағы 28 қағаз, арнайы қағаз және принтерлер мен компьютерлер табылған.

Бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізу қорытындысы бойынша соталды тергеу аясында жалған ақшаның жалпы сомасы 2 525 000 теңге болды.

«Осы дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы («Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу») бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Алматы облыстық МКД ЭТҚ жалған ақша анықтаған азаматтарды органдарға хабарласуды сұрайды», — деп атап өтті департаменттегілер.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті