Жәутең көз

29 наурыз 2016, 15:07

Негізі, қазақ баласын ең көп асырап алған ел – Америка. Ресми дерекке сүйенсек, 6 мыңнан астам бала осы елде. Одан кейін Испания, Бельгия және Еуропа елдері. «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы әрі жүргізушісі ретінде шетел асқан қаракөздеріміздің тағдырымен танысып шықтым. Әр баланың жағдайы әртүрлі.

Шетелдіктер асырап алған баланың жағдайы барлығында керемет деп айта алмаймын. Бастапқыда бала асырап алу процесінде шетелдіктердің әлеуметтік жағдайы аса зерттелген жоқ. Америкада тұратын біздің қандасымыз, АҚШ пен Қазақстан арасындағы бала асырап алу жөніндегі халықаралық сарапшы Айнұр Көкетаеваның айтуынша, ол елдің әр штаты әртүрлі. Күнкөріс деңгейі де әрқалай. Бастапқыда әлеуметтік жағдайына аса мән берілмегендіктен, біздің балалар әлеуметтік жағдайы төмен немесе психологиялық ауытқушылығы бар отбасыларға да берілген. Мұның ашық көрінісі ретінде жақында Америкада қаза тапқан екі қазақ баласының өмірін айтар едім (Кемеңгер неге күйзелді? «Жас қазақ» №8 – ред). Бірақ жақсы отбасына түскендерді де кездестірдім. Ата-анасы баласына дұрыс қарамай, лас үйде асырап отырғандар бар. Бірақ оларға ескерту айтылды. Ресми түрде Америкада 6600 қаракөзіміз бар. Әрине, олардың барлығына бірдей бара алған жоқпыз. Біздің балаларды бауырына басқандардың арасында миссионерлер де кездесті. Олар баланы діни бағытта тәрбиелеу үшін асырап алған. Осылай бола тұра «Не себептен бала асырап алуда шетелдіктерге басымдық беріледі», – деген заңды сауал туындайды. Біз көптеген халықаралық ұйымға мүшеміз. Ұйымның талабы мен ережесін орындауға міндеттіміз. Оның үстіне сол жылдары отандастарымыздың арасында қаракөздерімізді асырап алуға ниет танытқандар аз болды. Оған әлеуметтік жағдайымыз да себеп деп ойлаймын. Бізде адамның тегіне, шыққан ортасына да аса мән беріледі. Дегенмен қазіргі таңда ел азаматтарының санасы өзгерді. Бағдарламам шыққаннан кейін отандастарымыз арасында «баланы қалай асырап алуға болады?» деп хабарласушылардың қатары көбейді. Ол үшін көптеген құжат жинауың керек. Бұл өз кезегінде уақытты талап етеді. Сондай-ақ заң бойынша бала асырап алушының міндетті түрде баспанасы болуы керек. Оның әлеуметтік жағдайы да ескеріледі. Кейбіреулер осы құжаттың, қағазбастылықтың көп болғандығынан қолын бір-ақ сілтеп, қоя салады. Тағы бір мәселе, кейбір отандастарымыз бір емес, бірнеше баланы асырап алып, сосын мемлекеттің қолдауына жүгініп жүреді. Баланы дұрыс асырай алмай, демеуші де іздейді. Осындай жағдай жиі кездеседі. Тіпті біздің елде қыз баланы асырап алып, кейіннен «тамақты көп жейді» деп кері қайтарған жағдайды естідім. Ол қыздың есімі – Жансая. Оны кейін бельгиялық отбасы асырап алды. Сол елге барған сапарымда Жансаямен кездесіп қайттым. Осы жағдай туралы маған Жансаяны асырап алған ата-анасы айтып берді. Біздегі БАҚ өкілдері осындай жағдайлар орын алған кезде ғана улап-шулай жөнеледі де, сосын бірден басылып қалады. Неге осының әрі қарай тереңіне үңіліп, журналистік зерттеу жүргізбеске? Неге ақпарат сол күні айтылып, сол күйінде қалып қояды? Міне, бұл да қазіргі көкейкесті мәселенің бірі.

Тақырыпқа тұздық

Жәутең көз
Бірғаным ӘЙТІМОВА,
Сенат депутаты:
«Жаңа заң жобасында Қазақстан азаматына бала асырап алу мәселесінде айқын басымдық берілетіні қарастырылған. Енді бұдан былай елімізден бала асырап алғысы келетін шетел азаматы үшін бұл мәселе өте күрделі болмақ. Сондай-ақ бұдан былай елімізден асырап алынған бала міндетті түрде консулдық есепке қойылуға тиіс. Өйткені, шетел асқан бала кәмелет жасына толғанша Қазақстан Республикасының азаматы болып есептеледі. Ал кәмелет жасына толғаннан кейін қай елдің азаматтығын алатынын баланың өзі шешеді…»

Жанар Байсемізова
журналист
17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде