jasqazaq.kz

Жұртты алдаған нотариус жазадан құтылмады

27 желтоқсан 2016, 21:36

Алматыда жұрттан ондаған мың доллар алып, тақырға отырғызған нотариус қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Алаяқтық жасаған Жанар Өтешева алты жарым жылға кесілгенімен, амнистияға ілініп, жазасы сот залында-ақ жеңілдетілді.

ktk.kz хабарлағандай, Өтешеваның алған мерзімі 3 жылға жетпейді. Алайда, оның сыбайласы болған күйеуі енді 5 жарым жылын темір торда өткізуі тиіс. Сондай-ақ, алаяқтық әрекетіне қатысы бар Өтешеваның әпкесі Ләззат Сабырәлиева 5 жарым жыл шартты жаза арқалады. Оның үстіне, жапа шегушілердің пайдасына Өтешевадан 180 миллион теңге көлемінде қаржылай-материалдық өтемақы алынатын болды. Айта кетейік, Жанар Өтешева осыдан 4 жыл бұрын біраз адамды алдап, құнды дүниелерін, ақшаларын, тіпті көліктерін алып, артынша жоқ болған. Ол адамды сендірудің шебері екен. Тақырға отырғандарын кеш ұққан жұрт полиция арқылы оны екі жылдан кейін әзер тапты. Дегенмен, олар соттың берген жазасын азсынып отыр.

Баян Жұмабекова, зардап шегуші:

-Маған 13 миллион теңгедей бережақ еді. Сот 4 миллионын қайтару керек дейді. Яғни ақшам толық берілмейін деп тұр. Алған жаза мерзімі де аз. Мұндай адам қоғамда еркін жүрмеуі керек. Біз қайта шағымданамыз.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті