jasqazaq.kz

Зере анасын іздейді

16 ақпан 2017, 13:35


«Үйден шыққанда баланың жылаған даусын естідім. Көршінің баласы деп ойладым. Сыртта тұрған көлігіме беттегенде жерде отырған баланы байқадым. Күртешесіне хат қыстырылған.

Онда «Аты Зере. Бір жас үш ай. Бір айдан кейін алып кетемін. Ешкімге хабарласпаңыздаршы» — деп орысша жазылған». Бұл туралы бізге Жамбыл облысы Меркі ауылының тұрғыны хабарлады. Атын жасырып қалған азаматша, оқиға Мәншүк Мәметова көшесінде орналасқан үйдің ауласында болғанын айтты. Бір жастан асқан нәрестені белгісіз біреу тастап кеткен. Төтенше оқиға 14 ақпан күні сағат кешкі 22.00 таман орын алған.Үй қожайындары бірден жергілікті тәртіп сақшыларына хабар береді. Олар келіп, көршілерден сұрастырады. Қарама-қарсы үйде бейнекамера орнатылған. Онда жас қыздың 21.48-де қақпадан кіргені көрсетілген. Бірақ түрі көрінбейді. Жол бойында тұрған таксистің бірі көкек ананы Алматы-Ташкент тас жолының бойына жеткізгенін айтқан. Нақты қай бағытқа кеткені белгісіз. Бала бір жастан енді асқан болса да «мама, мама» деп анасын қайта-қайта іздейді.

Елдос Өмірзақ

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті