Зейнеткерлер алаяқтарға 15 миллион теңге аударған

06 қараша 2023, 14:06


Екібастұздық қарт ерлі-зайыпты өзін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен банк қызметкерлеріміз деп таныстырған алаяқтарға 15 миллион теңге аударған.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазан айының соңында екібастұздық 62 жастағы зейнеткерге бір қыз телефон соққан. Ол өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, әйелдің атына несие алғысы келетінін айтқан. Осыдан кейін бейтаныс адам зейнеткерді өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған ер адаммен байланыстырған.
«Арнайы қызметкер» қарт әйелге жедел түрде банкке барып, өзінің қоңырауын күтуді, содан кейін «алаяқтарды анықтау үшін» несие рәсімдеуді ұсынған. Қорыққан зейнеткер оның барлық нұсқауын орындап, 2,3 миллион теңге несие рәсімдеп, терминал арқылы көрсетілген есепшотты толтырған.
Келесі күні «ҰҚК қызметкері» қайта хабарласып, Екібастұз қаласының тұрғынынан шоттағы ақшаның барлығын – 7,2 миллион теңгені басқа банктен аударып беруін сұраған. Бұл жолы зейнеткердің күйеуі «алаяқтарға» тап болыпты-мыс. Бейтаныс жігіттің нұсқауымен ерлі-зайыпты белгісіз шоттарға 15 миллион теңге аударған. Осыдан кейін «ҰҚК қызметкері» несиені таңға дейін қайтарамыз деп уәде берген. Зейнеткерлер алданғанын «алаяқтар ұсталды» деген қоңырау келгенде ғана түсінген.
«Қазір полицейлер осы алаяқтыққа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шарасын жасап жатыр», — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу