jasqazaq.kz

Зейнеткер 2 миллион теңгесінен айырылып қала жаздады: Полиция алаяқтың әрекетін әшкереледі

15 қантар, 10:15

Жетісу облысында полицейлер алаяқтың әрекетін дер кезінде әшкереледі, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысындағы сауда орталықтарының бірінде полиция қызметкерлері телефонмен абыржып сөйлесіп тұрған егде жастағы әйелге назар аударды. Әңгіме сипаты полицейлерге күдік тудырды. Зейнеткер қобалжып, біреудің нұсқауымен әрекет етіп жатқандай көрінді. Полиция қызметкерлері белгісіз адамдар зейнеткер әйелге қоңырау шалып, «тексеру жүргізу» мақсатында SMS арқылы келген кодты айтуды талап еткенін анықтады. Алаяқтар оның атына 5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеуге тырысқан, алайда банк тек 2 миллион теңгені мақұлдаған.

Дәл осы соманы зейнеткер алаяқтарға аудармақ болған. Полиция қызметкерлері телефонды беруді сұрап, өзін Айсел деп таныстырған қоңырау шалып тұрған азаматпен сөйлесті. Ол өзін зейнеткердің қызы екенін айтты, бірақ әйелдің аты-жөні мен тегін атай алмады, бұл алаяқтық әрекетті растады. Полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында алаяқтық дер кезінде тоқтатылып, 2 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынның алдын алды. Зейнеткермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, алаяқтардың қалай әрекет ететіні түсіндірілді.

Полиция банк пен мемлекеттік органдардың ешбір қызметкері телефон арқылы кодтарды айтуға немесе ақша аударуға талап етпейтінің ескертеді.


 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады