Зейнеп Ахметова: Сол келінге сенің қандай еңбегің сіңді?

20 қыркүйек 2023, 15:13

Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қазақ дәстүрін насихаттаушы Зейнеп Ахметова келінін жамандайтын енелерге үн қатты. Бұл туралы ол журналист Ерлан Әбдірұлына берген сұхбатында бөлісті.

«Келінін жамандайтын енелерге айтамын. Сол келінге сенің қандай еңбегің сіңді? Сен туған жоқсың, сен түн ұйқыңды төрт бөліп, бесік тербетпедің, ауырған кезде сарылып қасында отырмадың, оның тәй-тәй басқаны, оның жүргені, оның бақшаға барғаны, ауыртпалығының барлығын ата-анасы көтерді. Оқытты, жетілдірді, дап-дайын күйі сенің қолыңа «мә» деп ұстата салды. Бүтін бір адамды. Дайын дүниеге ие бола алмасаң, өзіңнің білгеніңді соның бойына құя алмасаң, онда сен кімсің? Кез келген әйел ене бола алады, ана бола білу керек. Енді келінді сол үйге тұрақтандырып, өзіңнің үлгі-өнегеңді көрсетіп, өзіңнің ізбасарың, өкшебасарың етіп, сол үйдің отын жағып, қазанын қыратұғын ана ретінде ұстап қалу саған (енеге) байланысты», — деді ол.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді