
Алматыда үш адам қаза тапқан жол апатына күдікті ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды. Бұған дейін қайғылы оқиғаның болжамды кінәлісі медициналық мекемеде күзетпен болға, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
«Үш адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі — ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді. Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде конвойдың бақылауында болған және соттың санкциясымен қамауға алынды», – деп хабарлады полиция.