«Зәуре» жылыжай кешенінде жылына 600 тонна өнім жиналады

08 тамыз 2023, 10:04

Шымкент қаласында қазір 209 га болған 113 жылыжай кешені орналасқан. Оның ішінде аумағы 71 га құрайтын 23 өнеркәсіптік жылыжайда ауылшаруашылық өнімдері өсірілуде. Бұл жылыжайларда жылына 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс өнімдері өндіріледі. Өнімдер ішкі нарықты қамтып қана қоймай, көрші елдерге экспорт жасалады.

Бүгінде қала тұрғындарына балғын көкөніс жеткізіп отырған кешеннің бірі – Бозарық тұрғын алабында орналасқан «Зауре» жылыжайы. Аумағы 3 гектарлы өндірістік жылыжай кешені 2020 жылы іске қосылған.

Жылыжай «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» және тыңайтқыш құнын субсидиялау бағдарламалары бойынша мемлекеттен қолдау алғаннан кейін көкөніс өндіру ісі өркендеді.

Түркияның алдыңғы қатарлы технологиясымен жабдықталды. Жылына 600 тонна өнім өндіріліп отырған агрокешенде 30-дан астам адам жұмыспен қамтылып, қызанақтың органза, мэрлис және тарелино түрлері өсіріліп жатыр. Өнімдер қала нарығы мен еліміздің солтүстік өңірлеріне саудаланады.

Қала аумағында жалпы, 27 мың гектар жер болса, биыл оның 26,8 мың гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде 10,9 мың гектарға дәнді-дақыл, 3,4 мың гектарына майлы дақыл, 3,0 мың гектарға көкөніс және бақша өнімі, 0,5 мың гектарға картоп және 9,0 мың гектарға мал азықтық дақылы бар. Осы егістік алқапта көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген бағамен 500 тонна жанар-жағармай қарастырылып, 28 шаруа қожалыққа 360 тонна жанар-жағармай үлестіріліпті.

Қаланың ауыл шаруашылығы саласында атқаратын тағы бір міндетінің бірі – ұсақ шарушылықты біріктіру арқылы өнімділік көрсеткішін арттыру. Өткен жылдан бастап шаһарда кластерлі жобаларды қолға алу мәселесі қаралған. Басқарма басшысы қаладағы 5 аудандағы шаруалармен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізгеннен кейін жыл басынан бері 62 кластерлік жоба іске асырылған. Жыл соңына дейін мұндай жоба санын 92 -ге жеткізу мақсаты тұр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады