Заңсыз жұмсалмақ болған 363 млн теңге бюджетке қайтарылды

09 қазан 2023, 10:45

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджет қаражатын жұмсау саласына талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өрескел бұзушылықтарын анықтады.

Ақжар ауданының Экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, ведомстволық сараптамадан өтпей, 3 ауылдағы жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізген.

«Прокурорлық қадағалау шараларымен қабылданған аталған сатып алулар жойылды, нәтижесінде 363 млн теңге сомасына бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді.

Басқа жағдайда, осы ауданда ауылдық округ әкімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарына қарамастан, Талшық ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеуге арналған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 7 млн теңге көлемінде төлем жүргізген», — деп жазды ведомстводан.

Қадағалау актісі және Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бюджет қаражатын өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді