Заңсыз цехтың жолы кесілді

12 қазан 2023, 10:48

Жамбылдық полицейлер құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты тапты. Polisia.kz хабарлағандай, жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Мойынқұм ауылының 54 жастағы тұрғынының жеке тұрғын үйінің қосалқы ғимаратында құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты анықтады. Тексеру барысында қуат көзіне қосылған 3 қолдан жасалған ұсақтағыш, сондай-ақ жалпы салмағы 1 тоннаға жуық әртүрлі тастар табылып, тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 295-1-бабының 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сараптама тағайындалды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді