jasqazaq.kz

Заңгер: Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

21 қантар, 13:00

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Осыдан бір жыл бұрын полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық–зомбылық қолдану қаупі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді.

«Осы уақытқа дейін жауап бере алмадық, себебі іс жалғасып жатты. Дегенмен, осы аралықта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде біз бұл шешімге қол жеткіздік деп ойлаймын», – деді ол.

Мейірман Шекеев кейбір адамдар Қаржаубай сотталады деген үмітін үзбей, жағдайды ушықтыруға тырысқанын да жасырмады.
«Қаржаубайдың кейбір жаулары біздің үнсіздігімізді оның сотталуына балап, бұл істі аңдып жүрді. Тіпті отбасын қаралап, тікелей эфирлерде түрлі мәлімдемелер жасағандар да болды. Полиция қызметкерлерінің адамгершілігі жоғары болды. Құқық қорғау органдары да бұл іске объективті қарады. Соның нәтижесінде Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы негізінде тоқтатылды», – деді Мейірман Шекеев.

Заңгер бұл шешім қорғау тарапы үшін үлкен жеңілдік болғанын айтты.

«Қаржаубайдың, оның отбасының және бұл істе қорғаушы болған менің әрі әріптесім Азаматтың мойнынан ауыр жүк түскендей болды», – деді ол.
Сонымен қатар заңгер Қаржаубайтың әпкесі Салтанат Нұрымоваға қатысты қозғалған істің де тоқтатылғанын хабарлады.

Фото: Munarmedia.kz

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады