Заңға бағыну

14 ақпан 2020, 11:38

Қайбір жылы бізден Америкаға барған бір жігіт полиция қызметкеріне жұдырығын ала жүгірді. Ұрып та үлгермеді. Тәртіп сақшысы атып салды. Сабырға шақырып, тыныштандыруды да жөн көрмеді. Американ соты полицейді кісі өлімі үшін жауапқа тартпады. Адам құқығын қорғайтын ұйымдар да үнсіз қалды. Ал біздегі кейбір белсенділер «Америка еркіндік мекені. Адам құқығын қорғау мемлекеттің басты құндылығы емес пе еді?» – деп түсінбей жатты. Тіпті «Біздің құзырлы орындар қайда қарап отыр?» дейтіндер де табылды. АҚШ ресми өкілдері оның себебін бір ауыз сөзбен түсіндірді: қызмет бабымен жүрген полицияны заң қорғайды. Яғни, тәртіп сақшысына шабуыл жасалса, ескерту жасамай-ақ, оқ атуға рұқсат бар. Сондықтан кез келген азамат заңды сыйлап қана қоймай, оған бағынуы тиіс.
Қордайда бұзақылар полицияға жай ғана доқ көрсетпеді. Қол көтеріп, төмпештеді. Қызмет көлігіне тас лақтырды. Тосын оқиға ащы шындықты жайып салды. Бәрі алақандағыдай көрінетін ауылдың өзінде мемлекеттің заңын сыйламайтын, оған бағынғысы келмейтіндер бар болып шықты. Одан да сорақысы, сол таяқ жеген тәртіп сақшыларының өзін кінәлі етіп көрсетуден тайынбайтындар да табылды.
Мемлекеттің мықтылығы сол елдегі заңның баршаға ортақ әрі мүлтіксіз орындалуына байланысты. Сол Америкада ешкім еркіндік елінде жүрмін деп тентектік жасай алмайды. Заң тезге салады, тәубеге келтіреді. Азаматтардың конституциялық құқығына қоса, бұлжытпай орындауға тиіс міндеттемесі бар екенін де қаперге салып отырады. Бірақ бұдан Батыс барлық елдердің заңына құрметпен қарайды деуге тағы келмейді. Қайсыбір елде әлдебір қоғам белсендісі заңды көпе-көрнеу бұзып жатса да, «Адам құқығы аяққа басылды» деп дабыл қағады. Мұны мамандар сол елге саяси қысым жасаудың бір амалы деп есептейді.
Соңғы жылдары, өкінішке қарай, біздегі әлеуметтік желі қалыптастырған қоғамдық пікір кісі хақысын көбірек күйттеп, оның мемлекет пен заң алдында, тіпті отбасы — ошақ қасындағы міндеттемесі жөнінде айтқысы келмейді. Еңбек етіп, бала-шағасын асыраудың орнына мемлекеттің жәрдемақысына ауыз ашып отыратын, дені сау, қол-аяғы бүтін, байбаламшыл еркекке көбірек жаны ашитыны сияқты. Тағы бір мысал. Бұдан біраз бұрын тепсе темір үзетін бозбала сенім-нанымын көлденең тартып, әскери борышын өтегісі келмейтінін білдіріпті. Сол екен, батысшыл хабар-ошар құралдары әлгілердің «діни сеніміне қысым жасалып жатыр» деп шулап қоя берді. Айқайға қиқу қосқан жергілікті белсенділер мен блогерлер жоқ жерден «сенсация тауып», жалаулатып ала жөнелді. Ал мемлекеттің жалпыға міндетті әскери борыш туралы заңы бар емес пе? Мемлекет заңның орындалуын қадағалап, солқылдақтық танытпай, қажет жағдайда мәжбүрлеу амалына жүгінуі тиіс. Сондай мемлекет қана мығым, тұрғындар сондай елдің заңын құрметтейді.

Срайыл Смайыл

Срайыл Смайыл

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?