jasqazaq.kz

Заманауи ғылым – ақпараттық технологияда

24 маусым 2016, 14:44

13435489_1712286652378321_7634504383912088746_n(1)

Жуырда «Пресс Центр Азия» қоғамдық қоры Samruk-KazynaTrust Бас серіктесінің қолдауымен «Ақпараттық технологиялардың заманауи жағдайы» атты конференциясын өткізді.
Конференция «Zhastar UP» жастарды оқыту жобасы аясында өтті. Оған IT саласының мамандары мен қоғам қайраткерлері қатысып, өз ойымен, тәжірибесімен бөлісті. Intellect Incubator қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нұрлан Жанай, «Сұрақ-жауап» сайтының негізін қалаушы Ербол Серікбай өз жобалары туралы айтып, сайт рейтингін көтеруде қандай қиындықтар кездесетінін айтып берді. Ал саясаттанушы Бақытжан Бұқарбайдың айтуынша, сайттарға неше түрлі ақпараттарды жариялау арқылы оқырманның санасын улап жатырмыз.

Б.Бұқарбай: «Журналистер мен блогерлер жаңалық ұсынуда аудиторияның талғамына сүйенеді. Мысалы, қант диабетінен қайтыс болған адамның тағдырынан гөрі, жазатайым қайтыс болған адам туралы жаңалық көбірек оқылады. Өз басым биыл бала өлімі туралы жаңалықтарды жиі кездестірдім. Журналистер осындай жаңалықтарды көп жағдайда күнін көру үшін жарияласа, блогер және блогерсымақтар оларды трендтен қалып қоймау үшін қайта жариялайды. Біз осындай жаңалықтарды жұтып, санамызды улап келеміз», – дейді.

Арнат Мұсабеков

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді