jasqazaq.kz

Заңсыз аңшылық құрғандардың жолы кесілді

29 желтоқсан 2016, 20:12

Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы аң шаруашылығының бірінен винтовкамен, аңшы мылтығымен қаруланған үш ер адам ұсталды. Күдіктілердің жол талғамайтын көлігінен полицейлер елік пен қабанның бөлшектенген етін тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  «Тексеру барысында анықталғанындай, аңға шыққандарда тек бір қабанды атуға ғана лицензия болған. Ал басқа аңдарды атуға қатысты ұсталғандар қандай да бір рұқсат құжаттар көрсеткен жоқ. Сондықтан да, елікті ату заңсыз болып табылады»,  делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Полиция қызметкерлері заңсыз аңшылықпен айналысты деп күдік келтірілген тұлғалардан төрт атыс қаруын тәркілеген. Оның ішінде 12 калибрлі бір аңшылық қаруы еш жерде тіркелмеген, яғни заңсыз сақталған қару болып шықты. «Қазіргі күні заңсыз аңшылық жасау фактісіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 337 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атылған еліктің тушасы биологиялық сараптамаға жіберілді», — делінген баспасөз хабарламасында.

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті