Қызы анасын қамшымен сабаған (видео)

30 наурыз 2017, 11:21

Мәпелеп өсірген жалғыз қызы күнде соққыға жығатын ананың тағдыры елді жылатты. Егде жастағы анасының айтуынша, жалғыз қызы қамшымен оны сабайтынды шығарған.

София есімді студия қонағының айтуынша, оның отыз жастағы жар дегенде жалғыз қызы өзін сабайды. Бағдарламаға көгала қойдай болып келген София қызының өзіне жоламауын қалайтынын айтады.

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасына сілтеме жасай отырып nur.kz хабарлады.

«Бір жасында оның әкесі бізді тастап кетті. Қызым төртке келгенде өзімнің ата-анам қайтыс болды. Жалғыз жүріп бағып, жалғыз жүріп өсірген қызым. Оның бойында мен түсінбейтін бір қатыгездік бар. Кішкентай кезінде бүйрегі  ауырып, оған бірнеше мәрте ота жасалған.

Сөйтіп, ол сабаққа да дұрыс барған жоқ. Жылына бірнеше рет ауруханаға жатқызылатын. Жасөспірім кезінде үйден қашып кететін. Осылайша он сегізге толған соң ол тағы қашып кетіп, жеті жыл бойы жоқ болып кетті. Кейіннен бір кәріс жігітінен бала туып алған деп естідім», — деген ол үйіне қайтып келген қызының оны қамшымен сабайтынын жеткізген.

 

Айта кету керек, әйел бұдан бірнеше жыл бұрын психиатриялық ауруханаға жатқызылған екен. Бірақ Софияның мәлімдеуінше, оны әлдебіреулер күштеп жатқызған.

Жүргізушінің «не үшін ұрады?» деген сұрағына София қызының қандай кінә тағатынын айтты. Оның сөзіне сенсек, ол анасының өзіне жағдай жасай алмағаны үшін қол көтереді. Өзгелердікіндей жақсы өмірге қол жеткізе алмаған отыз жастағы келіншек анасынан осылай өшін алады-мыс.

Студияға келген заңгер мен психолог оған көмек беру туралы уәде берді. Сонымен бірге, олар екі тараппен де әңгімелесіп, әйелдің сөзінің рас-өтірігін анықтамақ. Бұдан бөлек, әйелге құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес берілді.

28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге
31 наурыз, 15:45
Астана – даму драйвері