jasqazaq.kz

«Ұзақ уақыт бойы шара қолданбай отырдық». Комитет мектептердегі балалар тамағын не үшін бақыламағандарын мойындады (Видео)

02 ақпан, 17:34

Балалар мүддесін қорғау мәселесіне арналған брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова санэпидбақылаудың не себепті көбіне резонансты жағдайлардан кейін күшейтілетініне жауап берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Спикердің айтуынша, бұл жағдайдың түп-төркіні 2013 жылы қабылданған саяси шешімдермен байланысты.
— 2013 жылы Үкімет тарапынан мемлекеттік бақылауды қайта реттеу туралы саяси шешім қабылданды. Мемлекеттік органдар арасындағы тексерулердегі қайталануды жою және тексерулер санын қысқарту көзделді. Бұл тәжірибе санэпидқызметтің мемлекеттік бақылауды толыққанды жүзеге асыруына кері әсерін тигізді. Осыны ескере отырып, біз депутаттармен бірлесіп Үкіметке заңнамаға түзетулердің жаңа пакетін ұсындық, — деді комитет төрағасының орынбасары.
Ұсынылып отырған өзгерістер «ерекше тәртіп» аясында бақылауды күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, енді тексерулер тексеру парақтарымен шектелмей, қолданыстағы барлық санитариялық нормаларды қамтиды.
— Ерекше тәртіп жағдайында біз санитариялық ережелерді ешқандай шектеусіз тексереміз.Иә, біз ұзақ уақыт бойы шара қолданбадық деуге болады. Бірақ Үкімет бір кезеңде бизнеске аяққа тұруға мүмкіндік берді. Енді мемлекет, әсіресе балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс салаларда қатаң бақылау қажет екенін түсініп отыр.Мемлекет өзі жауапты болатын нысандардан бастауы керек. Сондықтан бұл шараларды енгізуге қазір де кеш емес деп есептеймін, — деп түйіндеді Марал Рақымжанова.
Еске салайық, Ақмола облысы Бурабай кентіндегі С. Сейфуллин атындағы мектепте оқушылардың тамағын ұйымдастыру кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталған болатын. Прокуратура мәліметінше, конкурс жеңімпазы деп танылған жеткізуші біліктілігі туралы жалған деректер ұсынып, іс жүзінде жұмыс істемейтін аспаздар мен даяшыларды көрсеткен. Кейін мектептегі тамақтандыру қызметін заңсыз түрде үшінші тұлғаға беріп, жұмыстарға алкогольді шамадан тыс тұтынатын, сондай-ақ бұрын ата-аналық құқықтарынан айырылған адамдарды тартқаны анықталды. Мектеп директоры орнын босатты.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге