jasqazaq.kz

Қыз жазадан құтылып кетті

17 қазан 2016, 15:31

snimok

Шығыс Қазақстан облысында өзінің сыныптасын өлтірді деген күдікті қыз қылмыстық жазадан босатылды. Қыздың 14 жасқа толмауына байланысты қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл туралы ШҚО Глубокое ауданының прокуратурасының өкілдері мәлімдеді.

Қыз бала өзінің сыныптасы — Прапорщиков ауылының тұрғыны Медет Маратовты өлтірді деп айыпталып, ұсталған.

«Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында қыздың қылмысты жасағаны анықталған, бірақ іс сотқа жіберілмейді, себебі заң бойынша 14 жасқа толмаған балалар қылмыстық жазаға тартылмайды, — деді аудан прокуроры Василий Александров. — Қазіргі уақытта ол күдікті болып та есептелмейді».

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, олар сотқа қыздың мінез-құлқында ауытқушылығы бар арнайы оқушыларға арналған мектепке ауыстыру бойынша істі жіберген. Шығыс Қазақстанда мұндай қыздарға арналған мектептер жоқ, егер сот қызды басқа мектепке ауыстыратын болып шешсе, онда ол мекен-жайын ауыстыруы керек болады.

Еске салайық, Прапорщиков ауылының 14 жастағы тұрғыны Медет Маратов 20 сәуірде мектептен үйге қайтпаған. Келесі күні оның мәйіті тастанды ғимаратта табылған. Оның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған. Баланың туыстары оның денесіне бірнеше рет пышақ сұғылғаны және басы жарылғанын айтқан. Медетті өлтірді деп оның сыныптасы ұсталған. Тергеу кезінде қыз ата-анасының қарауында болған.

tengrinews.kz

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді