jasqazaq.kz

Ұтыс ойынын өткізген Гүлзира Айдарбековаға қатысты сын көбейді

24 қыркүйек 2025, 14:29

Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәрісте тәжірибесін шыңдап, шағын хабар, ақпарат, мақала жазуға, сұхбат алуға төселіп келеді.
Курсқа қатысушы Бағлан Әбдікәрім қазіргі кезде өзекті тақырыпқа айналған танымал блогерлердің ұтыс ұйымдастыруы туралы жазды.

libsakh.ru

libsakh.ru

Соңғы кезде әлеуметтік желіде Гүлзира Айдарбекованың іс-әрекеті қызу талқыға түсті. Оған жарнама акциясына қатысқан желі қолданушылардың наразылығы себеп.
Гүлзира Айдарбекова акцияға қатысқандар тауар сатып алған соң, автоматты түрде ұтыс ойынына қатыса алады деген. Ұтысқа автокөлік және басқа да сыйлықтар қойылатыны айтылған. Танымал адамның сөзіне сенгендер тауар сатып алған.
Кейбір қатысушылар тауар ақысын төлегеннен кейін ешқандай хабар алмағанын айтады.
Ал құқық саласындағы сарапшылар ұтыс өткізген адам уәдесін орындауы тиіс екенін еске салады. Сөзінде тұрмай алдап кетсе, зардап шеккендер тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдарына немесе тіпті сотқа жүгіне алады.
Гүлзира Айдарбековамен байланысты осы жәйт онлайн саудада сақтық таныту керектігін, жалпы инфлюенсерлердің сөзіне сенуге болмайтынын тағы бір рет дәлелдеп берді. Желі қолданушылар акцияның шартын мұқият тексеріп, содан кейін қатысу туралы шешім қабылдағаны жөн.

Бағлан Әбдікәрім,
курсқа қатысушы

 

Бүгін, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді