Қытайлық күйеуін іздеп жүр

20 қантар 2017, 9:28

Бойшаң, шашы ұзын, қиғаш қас, сымбатты келіншекпен жиен қыздың қоныс тойында таныстым. Жанары мұңды, өзгелер қарқылдап күлгенде ол жымиған да жоқ. Дастархан басындағылар өте көңілді. Мұңайып отырған жалғыз Айгүл.

Онымен мен жақын танысып, тез тіл табыстық. Сөзін шегелеп, нық сөйлейді екен. Өзінің бірнеше жылдан бері күйеуінен алимент өндіре алмай жүргеніне шағымданды. Елімізде жалғызбасты бала тәрбиелеген келіншектердің бәрін сан соқтырған мәселе, сот орындаушылар да қашқын әкеден ақша өндіріп алу үшін табан тоздырып жүр деп, жұбатқандай болдым. Алайда Айгүлдің күйеуін сот орындаушылар итпен іздесе де таппайтын секілді. Оның сүйген жары Қытай азаматы. Әйел қытайлық жігітпен қалай танысқанын және бірге өмір сүрген күндері жайлы айтқанда жадырап кетті.«Қытай мейрамханасында даяшы болып жұмыс істедім. Көбіне шетелдіктер тамақ ішуге келеді. Күнде соларға қызмет көрсетеміз. Кейде артық тиын-тебен тастап кетеді. Оған мәз боламыз. Осындай жиі келетін қонақтың бірі Чуймен таныстым. Жасым 24-те, ол 44 жаста. Өзі осында компанияның қызметкері екен. Орыс тілін біледі. Басында әңгімеміз жараспады,мен оның құшағына бірден құлаған жоқпын. Бірақ Чуй сыйлыққа жомарт. Көңіл-күйімді көтеру үшін тосын амалдар жасайтын. Дөрекілік мінезі жоқ. Онымен кездескенде жігітіммен жиі салыстырдым. Екеуінің адамгершілігі жер мен көктей. Мен оған ғашық болдым.«Тұрмысқа шық» депұсыныс жасады. Бірақ менің туысқандарым болашақ күйеуімнің қытайлық екенін естігенде естен танып қалды. «Қытайға күйеуге шықсаң босағамды аттама»- депәкем қаһарын төкті. Өзге ұлтқа шыққаным үшін олар мені әлі күнге көргісі жоқ. Үйде іні-сіңлілерімнің үйлену тойлары, қыз ұзату тойлары болды, шақырмады. Мен олар үшін өлген адам сияқтымын»,- деп өткен өкінге өкінішін білдірді қамкөңіл келіншек.
Айгүл ата-анасының қарсылығына қарамастан,некесін қидырмаса да қытайлық жігітпен біргежалдамалы пәтерде тұрды. Бойжеткеннің бойына бала біткенде шетелдік күйеуінің шырғалаңы жиілейді. Чуйдің уақытша тіркеу мерзімі бітіп, заң бұзғаны үшін отанына қайтады. Содан бері күйеуі хабар-ошарсыз.Ол Айгүлді іздеп келмеді. Келіншек шарқ ұрып іздегенімен түк шықпады. Жалғыз өзі пәтерден-пәтерге көшіп, қызын өсірді. Биыл қызы мектепке барды. Жалғызбасты ана оқушының киім-кешегі мен оқу құралдарын сатып алып, қарызға да батқанына шағымданады. Ол «Қызымның туу туралы куәлігіне әкесінің атын Чуй деп жазудың орнына оны қызымның есіміне жалғап жазған. Енді маған әкесінің аты екенін дәлелдеу мүмкін емес. Алимент өндіріп алуға кедергілер көп екен»,- дейді. Айгүл қытайлық күйеуінен үмітін үзген. Оған қазақтың талай жігіті гүл сыйлады, бірақ қытайдан қайтқан қыздың намысына тиіп, жүрегін жаралағандар да көп болды.
-Туысқандарымның тірідей бас тартқаны аздай ғашықпын деп соңымнан сөз салған жігіттер де күйеуімнің Қытай азаматы болғанын естігенде мені тастап кетті.Бірде-бір қазақтың жігіті мені жар етіп алмайтынын түсіндім. Мені қабылдаса да,қызымды ешқашан қабылдамайды. Соған көзім жетті. Менен бір ғана адам теріс айналған жоқ.Ол менің анам. Қателігімді кешірді. Ал қызымның болашағын ойласам,өмірден түңіліп кетемін. Қытайдан жар таңдап, жүрегім тасқа айналды. Тек Чуйдан алимент өндіріп алсам екен. Одан басқа маған ештеме керек емес.
Бұл шетелдік күйеуден аузы күйген келіншектің соңғы сөзі. Біз Айгүлге қалай көмектесу керектігін қорғаушыдан біліп көрдік.

Тақырыпқа орай

Болат Биғазин, қорғаушы:

— Баланың әкесінен алимент өндіріп алу үшін Қытай азаматының туған жерін, мекен-жәйін анықтап, хат жазып, Қазақстанға шақыртып , ДНК сараптамасы үшін шаш,сілекей немесе қан тапсыруы керек. Яғни алдымен бізге қытайлық жігіттің Айгүлдің қызының әкесі екенін дәлелдеу керек. Себебі, ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрған. Өкінішке қарай шағымданушы күйеуінің тұрғылықты мекен-жәйін толық білмейді. Яғни 1 миллиардтан астам халық мекендейтін ҚХР Чуй Джин Чинді табу қиямет қайым болып тұр. Екіншіден суреті де жоқ. Қолда мәлімет-ақпараттар өте аз болып тұр. Қытай азаматы 500 еуро төлеймін деген қолхат қалдырып кеткен екен. Оны тексергенімізде еуро емес юан деп жазылған болып шықты. іздеуге талпынып көруге болады.
Қорғаушы Болат Биғазин шетел азаматын іздеуге,алимент өндіріп алуға қажетті құжаттарды әзірлеуде. Әзірге қазақ қызы мен қытайлық күйеудің арасындағы махаббаттан туындаған даудың қалай бітетіні белгісіз болып тұр.

16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде
05 шiлде, 14:06
Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар басталды