«Үстелде қалған тамақты ысырап болмасын деп жеп қояды»

26 тамыз 2023, 15:30

Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына салғырт қарайтын әйелдерге кеңес берді. Тележүргізуші Instagram парақшасында нәзік жандыларға жазба арнады.
«Келетін хаттардың құрылымы әртүрлі болғанымен, мазмұны бір. «Мен күйзелістен қалай шықсам болады», «шаршап жүрмін» деген сарында… Ал жүйкеңді ауыртып, іштей аяйтын хаттың көбі денсаулыққа қатысты. Ауырса, бірден ауруханаға бармайды. Болмаса, арамызда ауруханаға қолхат жазып кететінін мақтанышпен айтатындар да бар. Өйткені баланы қарайтын, үйдегілерге шай беретін адам керек. Денсаулығы нашарлады, арықтау керек. Бірақ үстелде қалған тамақты «ысырап болмасын» деп жеп қояды. Өзін жайсыз сезінсе де соңына дейін шыдайтын, гинеколог дегенді жылдар бойы көрмегендер бар. Бірақ бақыттың да, байлықтың да, жетістіктің де, білімнің де түбірі бір — денсаулық», — деді Ләйлә Сұлтанқызы. Сонымен қатар тележүргізуші адамдарды денсаулығын басқадан биік қоюға шақырды. «Айтқым келгені, мені көптеген ірі-ірі форумға, бизнес-форумға, шараға спикер ретінде шақырып жатады. Бірақ, қандай сахнада тұрсам да, кімнің алдында сөйлесем де, үнемі бірінші денсаулық жайлы сөз етемін. Әсіресе, әйелдің денсаулығы жайлы. Бойында жаны бар, еті тірі әр адам өзінің саулығын басқасынан биік қою керектігін айтқым келеді, жеткізгім келеді»,- деді.
JQ-Aqparat

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз