jasqazaq.kz

Ыстамбулда Қазақстан азаматын атып кеткен

Бүгін, 20:22

Түркияның Ыстамбул қаласында қазақстандық Ариф Исмайыловты тал түсте атып кеткен. Бұл туралы jasqazaq.kz IHA агенттігіне сүйеніп хабарлайды.
Оқиға 1 сәуір күні орын алған. Ариф Исмайылов Ыстамбулдың Фатих ауданында логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген. Оған көшеде белгісіз адам жақындап, басынан атып кеткен. Ауыр жарақат алған азамат ауруханада көз жұмды.

Марқұмның өліміне қатысты іздеуде жүрген екі күдікті Эдирне өңірінде қолға түсті.
Құзырлы органдардың мәліметінше, күдіктілерді ұстау үшін жандармерия мен полиция бірлескен арнайы операция жүргізген. Күдіктілер мінген көлік Эдирне қаласына кіреберісте тоқтатылғанымен, олардың ішінде болмаған. Кейін олардың жаяу қашқаны анықталып, аумақта дрон арқылы кең көлемді іздеу жұмыстары ұйымдастырылған.
Нәтижесінде шетелге заңсыз өтпек болған Грузия азаматтары – А.А. және К.А. шекара маңында ұсталды. Олар медициналық тексеруден өткен соң Ыстамбул полициясына тапсырылды.
Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

JQ-Aqparat

Сурет: IHA агенттігінің видеосынан

Бүгін, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері