Үшінші мегаполистің бюджетінде өсім бар

31 тамыз 2023, 21:51

Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуы – қаланың жаңаша дамуына тың серпін әкелді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президенттің Жарлығымен 2018 жылғы 19 маусымда Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуы – елеулі тарихи оқиға болды деп есептейді

— Республика басшыларының осы көреген шешімі қаланың екінші тынысын ашты деп айтуға әбден болады. Біріншіден, қала бюджеті 4,6 есеге өсіп, 131,2 миллиард теңгеден биыл 613 миллиард теңгеге жетті. Қалада өнеркәсіп өнімі 70 пайызға артып, сондай-ақ аумағы 3 миллион шаршы метрден асатын жаңа тұрғын үйлер салынды. Сонымен қатар, заманауи тұрғын үйлер мен офистер кешенін салу үшін «Шымкент Сити» деген арнайы экономикалық аймақ құру жобасы іске асырылып жатыр, — дейді қала әкімі. Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала.

«Шымкент қаласы өзінің географиялық тиімді орналасу жағдайымен, ірі көлік жол торабымен және дамыған экономикасымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, Шымшаһардың әсем әрі алуан түрлі ерекше табиғаты, бай тарихи-мәдени мұрасы, сапалы көлік, туристік, сервистік және өзге де инфрақұрылымы қаланың болашақтағы даму әлеуетінің зор екендігін көрсетеді. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарын нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Бұл мүмкіндік үшінші мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығына айналуына жол ашары сөзсіз», — дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Тәуелсіздік жылдарында өзге өңірлермен қатар Шымкентте де өнеркәсіпті өркендетіп, экономиканың нақты секторын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында бүкіл өндірісі тоқырап, тоқтап қалған қала бүгінде ішкі нарыққа ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де түрлі тауарлар экспорттайтын деңгейге көтерілді. Оған қалада құрылып, жұмыс істеп жатқан «Оңтүстік», «Бозарық» және «Жұлдыз» экономикалық индустриалдық аймақтардағы жұмысты мысалға алсақ та болады. Сонымен бірге қалада жаңа шағын аудандар бой көтеріп, су арналары қалыпқа келтіріліп, көшелер мен саябақтар абаттандырылуда. Спорттық, мәдени және білім ошақтары да көптеп салынуда. Осының барлығы Шымкент қаласының республикалық қала мәртебесіне ие болуынан кейін де жандана түскені анық. «Шымкент сити» аймағы да көркейіп келеді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз