Үш баласын өлтірген әкеге сот үкімі өзгеріссіз қалды

30 шiлде 2023, 18:02

 

 

Ақтауда өзінің үш баласын өлтірген әкеге қатысты сот үкімі апелляциялық тәртіппен қайта қаралып, өзгеріссіз қалды. Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, аппелляциялық іс сотталушының және оның адвокатының апелляциялық шағымдары бойынша қаралды, олар соттың айыптау үкімін жойып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот алқасы үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз жоқ деп таныды. Сондықтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды», — делінген баспасөз мәліметінде.

Еске салсақ, маусым айының соңында Ақтауда өзінің кәмелетке толмаған үш баласын асқан қатыгездікпен өлтірген әкеге сот үкімі шыққан болатын. Ол өмір бойынша бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады