Үш айда 100 аударым? Әккі кәсіпкер салықтан жалтарудың жолын табады

08 қантар, 15:14

Қазір ақпарат құралдарында, жұртшылық арасында көп талқыланып жатқан мәселенің бірі мобильді аударыммен байланысты. Соңғы жылдары шағын дүкенде, базардағы саудагерге, сондай-ақ такси жүргізуші, шаштараз сияқты қызмет көрсетушілерге қолма-қол емес, банк қосымшасы арқылы аударым жасау белең алғаны белгілі. Бұл екі жаққа да қолайлы-тұғын.

Жаңа жылдан бері ұсақ кәсіппен айналысатындардың қағаз ақшаға «сүйіспеншілігі» артты. Өйткені үш айда жеке шотына 100 рет аударым жасалған азаматтар «кәсіпкерлікпен айналысып, салық төлемей отыр» деген күдікке ілінеді.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіп жүргізгендерге әкімшілік жаза қарастырылған: 15 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Табысты жасырғаны үшін төленбеген салық сомасынан 200 пайыз (қайталаған жағдайда – 300 пайыз) айыппұл салынады. Түбіртек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл және бар (биылғы АЕК – 3692 теңге).

Былай қарасаң, үркетін ештеңе жоқ. Төленетін салық мөлшері соншалықты қомақты емес: тіркелу түріне қарай 1, 3 және 4 пайыз.

Мәселен, такси қызметін ұсынатын адам такси агрегаторлары, арнайы қосымшалар арқылы тіркеліп, өзге әлеуметтік төлемдермен (міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік және МӘМС төлемі) бірге ай сайын 1 пайыз салық төлейді. Егер айына 100 000 теңгеге қызмет көрсетсе, 1 пайызың – 1000 теңге. Арнайы қосымшаның ішінде касса аппараты бар, яғни оны бұрынғыдай сатып алып, шығынданудың қажеті жоқ. Түбіртекті электронды түрде шығарып, клиентке жібере алады.

Өткенде мемлекеттік кірістер комитеті «Төлем және төлем жүйесі туралы» заңның 25-бабына сәйкес, аударымның орнына қолма-қол ақшаны талап ету заңсыз, ол үшін әкімшілік жауапкершілік бар екенін тәптіштеді. Заң бұзғанға алдымен ескерту жасалады, әлгі әрекетін қайталаса, 40 АЕК (147 680 теңге) айыппұл арқалайды.

Қазір түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Дегенмен әккі кәсіпкер салық төлемеудің жолын тапқан сияқты. Мәселен, кеше қаладағы базардың бірінде жеміс-көкөніс сатып тұрған әйел қойын дәптерін шығарып, «мына нөмірге жіберіңіз» деген өтініш айтты. «Менің каспиім істемей қалды», — деді жымиып. Келте қулығының құйрығы бір-ақ тұтам. Кәсіпкер атаулы осы тәсілге көшсе де таң қалмаймыз. Өйткені үш айда 100 аударымның ғана есепке алынуы салықтан жалтаруға саңылау беріп тұр.

Наргүл Мырзахмет

 

 

 

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу