jasqazaq.kz

ҰСБ: Еліміздегі өмір сүру сапасы былтырға қарағанда жоғарылады – ҰСБ

08 қазан 2025, 17:41

Халықтың өмір сүру сапасы» тақырыбы бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 53,2% (өздерінің субъективті бағалауы бойынша) өмір сүру жағдайларына қанағаттанатындарын, 46,3% – жартылай қанағаттанатындарын білдірген. Ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайына қанағаттанғандар үлесі (65,4%) қалалық жерлерге қарағанда (51,7%) жоғары.
Өткен жылғы сәйкес зерттеумен салыстырғанда, халықтың өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейі 2024 жылы 52,5%-дан 2025 жылы 53,2% дейін өсті.
Респонденттердің 51% денсаулықтарына қанағаттанатындарын, 46,4% – жартылай қанағаттанатындарын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда (2024 жылы – 49,5%), денсаулыққа қанағаттану деңгейі 1,5 пайыздық тармаққа артты.
Материалдық қамтамасыз етілу деңгейі (табысы) бойынша респонденттердің 73,6% өздерін орташа қамтамасыз етілгендер қатарына жатқызады.
Респонденттердің 65,8% туыстары немесе таныстары тарапынан моральдық қолдауға сенімді екенін көрсетті.
Сауалнамаға қатысқандардың 73% өз болашағына сенімді және келешекте жағдай жақсарады деп есептейді.
JQ-Aqparat

Сурет: freepik

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді