jasqazaq.kz

Ырысбала Икрамбай: Ешбір ананы баламен сынамасын

09 қазан 2023, 11:39

Блогер Ырысбала Икрамбай тұңғыш ұлының денсаулығы туралы көпшілік біле бермейтін шындықты әлеуметтік желіде жария етті.

Жанашырларым сіздерден қызғануды, қорғануды жөн санамадым, сіздер де тфә-тфә деп түкіріп ақ тілектеріңізді арнап қойыңыздаршы. Жақсылықты бөліссең көбейеді дейді қазақ көрер, жетер, бұйыртар жақсылығымыз ккөөөөппп болсыншы баршамыздың! Білесіздер тұнғышымыз 5 жасқа келді, бес дәрігерге барсақ бесеуі бес түрлі диогноз қойды. Дцп-дан басталып Аутизм, РАС, ЗППР,Алалия, ЗРР барлығы айтылды. Ең ауыры балаңызды инвалидностқа шығарасыз ба? деген сұрақ болды. Бір үміт, бір күдікпен үнемі жылаумен, Алладан сұраумен жүрген едік.

Пададан алдын шаң шығарғым келмейді бірақ жүрегім орнына түскендей, Аллаға сансыз шүкір айтып, дән риза болып жүрмін. Аллам шүкір, менің жүрегімдегі мұңымды жауапсыз қалдырмағаныңа шүкір, тәубе. Жігітіміз орыс тілінде онға дейін санап, түстердің біршамасын ажыратып айтып, қарындасының суретін алып келіп, Коконти деп інісін Ошоп деп былдырлады. Үйде ешкім орысша сөйлемейді, ол ойыншықтарымен телефонынан, баламның аузынан бір ауыз сөзді есту арман болған ана ретінде мейлі орысша, ағылшынша неге қытайша шықпайды әйтеуір тілі шықсыншы, қаны қазақ — тілі алыстамайды, үйренеміз.

Балам үшін берілмеймін қатарымызға қосылу үшін әлі біраз еңбектенуіміз керек, еңбектенеміз атқа мінеміз, жүзуге барамыз, массаж қабылдаймыз, логопедке барамыз. Әлі-ақ қатарымызға қосылып, тіпті алды да боламыз. Әкесі бір жақта қуанып, мен бір жақта қуанып шүкір, шүкір деп теріс қарап көз жасымызды тығылып сүртіп қойып жүрміз. Ешбір ананы баламен сынамасыншы! Аллам бұйыртып толық сөйлеп кетейікші, бастан кешірген қателіктерімізді, қабылдаған емімізді барлығын толық айтамын, жазамын», — деп жазды.

JQ-Aqparat

23 мамыр, 10:55
Түркістан: өңірде жаңа зауыт пен кәсіпорындар салынады
22 мамыр, 15:35
Түркістан: Шетелдік компаниялар өңірдің экономикалық әлеуетіне көз жеткізді
22 мамыр, 15:05
Түркістан: Жыл басынан бері 196,5 млрд теңге инвестиция тартылды
22 мамыр, 14:16
Алматы облысының тұрғындары «Келешек» жүйесіне қызығушылық танытуда
22 мамыр, 14:06
Түркістан: 216 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізіледі
21 мамыр, 15:51
 Рухани құндылық: Түркістанда оқушылар «Едіге» жырын жатқа айтты
21 мамыр, 14:46
Ордабек Жәмиев: Қоғамдағы инклюзия – мақсатты шешімдердің нәтижесі
21 мамыр, 12:32
Түркістан: Инклюзивті қоғамдағы шексіз мүмкіндік
20 мамыр, 15:05
Түркістан: Ауыл шаруашылығы - экономикалық өсімнің басты көрсеткіші