Қырғыздың қалың малы: 120 мың сом, 8 қой, 150 кг мақта…

11 қантар 2017, 16:22

Қырғызда қалың мал төлеу қиын. Жігіттің ата-анасына шығындануға тура келеді. Мұнда ең  танымал қырғыз дәстүрлерінің бірі –»қыз ұзату» әлі де сақталып келеді. Осындай дәстүрмен Баткен облысы Орта-боз ауылында өткен жылдың қүзінде  Исамиддин мен Әзизаның үйлену той өтті. Қалыңдыққа төленетін қалың малдың құны -120 мың сом. Қазіргі кезде Баткен облысында қызды алып қашу деген атымен жоқ. Құдаласу кезінде күйеу жігіт жағы қалыңдыққа сырға салып, екі жақ той күнін белгілейді, деп хабарлайды turmush.kg .

Баткен облысында қалың малдың орташа құны 120-150 мың сом. Сонымен қатар күйеу жігіт жағы қалыңдықтың туыстарына 8 бас қой, 120-150 кг мақта, 30-50 кг күріш, 20 литр өсімдік майы, 1000 дана күлше нан береді. Ұлын былтыр күзде үйлендірген Баткен облысының 60 жасар тұрғыны Салма Мыйзамова «қыз ұзатудың» қалай өтетінін әңгімелеп берді.

Оның айтуынша, қалыңдықққа келген күйеу жігіт көліктен түспейді. Ең алдымен аяғына кілем төселіп екі себетке толтырылған ішімдік, темекі сынды заттар әкелінеді. Егер күйеу жігітке бұл заттар ұнаса, ол көліктен түседі. Осы кезде қыздың жеңгелері келіп күйеу жігіттің аузына май жағады, осы сәтте жігіттің достары күйеу жігіттің екі құлағын жауып үлгеруі керек.

Ал егер досы үлгермей, күйеу жігіттің құлағынан бірінші болып жеңгесі тартатын болса бір ірі қара мал төлеуі керек болады.  Жігіт қалыңдықтың үйіне кіретін кезде тағы бір кілем төселіп, жігітке жаңа киім кигізіледі. Жігіттің достары аяқ киімдерін де өзімен бірге алып жүреді. Себебі жеңгелері аяқ киімді тығып қойып ақша сұрауы мүмкін. Күйеу жігітке шапан кигізіліп дастарханнан дәм татқаннан кейін барып қалыңдығын  көре алады. Қазіргі таңда ұзату тойын үлкен мейрамханада жасау сәнге айналды. Орта есеппен 300-400 қонақ шақырылады. Сағат 24:00 де тойдағы ең үлкен ақсақал батасын беріп қызды шығарып салады. Әрі қарай үйлену тойы жігіт үйінде тойланады.

 

16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде
05 шiлде, 14:06
Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар басталды