Ынтымақты ауыл мейрамхана салды

31 тамыз 2023, 13:23

Бәріне ортақ журналистика Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика саласы бойынша білімін шыңдауда. Қатысушылар тәжірибесін шыңдап, шағын хабар, ақпарат, мақала жазуға, сұхбат алуға төселіп келеді. Оқырман назарына қатысушымыз Өміржан Бәйтековтың жазбасын ұсынамыз.

«Ырыс қайда қонасың, ынтымаққа барамын» демейтін бе еді. 2020 жылдың ақпан айында біздің ауылдың азаматтары бас қосып, ауылымызда мейрамхана салу үшін баталасқан болатын. Сол жылдың көктемінде коронавирус індеті өршіп, локдаун енгізілгендіктен, жұмыс қарқыны тежеліп қалып еді. Бірақ саусақ бірікпей, ине ілікпейтінін дәлелдеген жылысайлықтар мейрамхананың салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Бүгінгі күнде «Жылысай» мейрамханасы елдің игілігіне жарап отыр. Тіпті ауылдан ертеректе көшіп кеткен жандар да туған жеріне оралып, ата-бабасына ас беруде, баласына бәйге ұйымдастырып, той өткізуде осы мейрамхананың игілігін көріп отыр. Қаладағы тойхана, мейрамханадан кем соқпайтын дастарханы, заманауи дизайнмен көркемделген ішкі келбеті келген әрбір қонақтың талғамынан шығады деп нық сеніммен айтуға болады. Ең бастысы, бұл мейрамхана ауылымыздағы бірнеше адамға тұрақты жұмыс орны, табыс көзі болып отыр. Тіпті жастардың өзі даяшы болып ас пен тойда айтарлықтай табыс табады.


Тағы бір айта кетерлігі, мейрамхана құрылысына қаражат жинағанда осы ауылдан көшіп кеткеніне 40 жыл болған азаматтардың өздері де атсалысып, қаражатын қосып, үлкен қолдау көрсетті. Ауыл мейрамханасының құрылыс
жұмыстарын да негізінен азаматтар асарлатып аяқтады. Осының өзі-ақ ауыл азаматтарының ауызбірлігінің мығым екенін айқындай түседі. Біз де туған ауылымыздан көшіп кеткенімізге жиырма бес жылдан асты. Бірақ жиі-жиі барып тұрамыз. Сонда жарқыраған мейрамханамызды көріп, көңіліміз өсіп қалады. Көшелерге жарық орнатылып, асфальт төселіп, мектеп пен балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, ауылымызыдың ажарын аша түскендей. Дегенмен де әлі де атқарылатын жұмыстар шаш-етектен. Тек ұйысқан ынтымаққа сызат түсірмеу керек.

Өміржан Байтеков,
курсқа қатысушы

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз