jasqazaq.kz

Қымбат шие жегің келсе, Павлодарға бар

27 желтоқсан 2016, 21:47

Павлодарлық дүкендерде келісі 11 мың теңгеден саудаланып жатқан шиенің бағасын әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар қызу талқылап, түрлі пікір білдіруде.

caravan.kz хабарлағандай, көпшіліктің таң қалысын тудырған аталмыш жеміс түрінің бағасына байланысты қандай да бір мәлімет алу мақсатында облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасына телефон шалып, төмендегідей жауап алдық.

Бұл қысқы жеміс. Оның біздің өңірге қайдан әкелінетіні белгісіз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына жатпайды. Біз үшін қазіргі таңда картоптың бағасын бір деңгейде ұстап тұру маңызды. Қалтасына қарай көсілетін жандар ғана сатып ала алады. Дегенмен, сұраныс болмаса саудаланбас еді. Жалпы, құлпынай мен таңқурай сияқты жемістер өте аз көлемде жеткізіледі. Көбінесе, мейрамханалар корпоративтік кештер үшін дастархандағы асты безендіруге сатып алады. Ал, біз сияқты қарапайым тұрғындардың қолы жете қоймас, – деп жауап берді басқармада.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тұтынушы секторының меңгерушісі Арман Асиповтың айтуынша, қала бойынша шие тек үш-төрт дүкенде ғана саудаланады. Мәселен, «Мадияр» дүкенінде бұл жемістің келісі 9000 теңге тұрады.

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік