Ұлы жазушыны ұлықтау

25 қыркүйек 2023, 15:07

Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәрісте тәжірибесін шыңдап, шағын хабар, ақпарат, мақала жазуға, сұхбат алуға төселіп келеді. Кезекті дәрісте курсқа қатысушылар Алматыдағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада өткен жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған дөңгелек үстелге қатысты. Жиынды жүргізген курсқа қатысушы Захра Маханованың жазбасын оқырманға ұсынамыз.

 

Алматыда Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада драматург, журналист Оралхан Бөкейді еске алу кеші өтті. «Алтайдың кербұғысы» атанған жазушыны ұлықтау – ұрпақ парызы дейді ұйымдастырушылар. Қаламгердің 80 жылдығына арналған әдеби кешке жерлестері, ақын-жазушылар мен әдебиетке құштар жастар қатысты.

Жиналғандар Оралхан Бөкейдің шығармашылығы жайында түрлі әңгіме өрбітіп, көңілге сәуле түсіретін естеліктерімен бөлісті. Өткен ғасырдың 40-жылдары әдебиет өлкесіне жарқ етіп келіп, шынайы туындыларымен оқырманды тәнті еткен жазушының мұрасы қазақ руханиятының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Оның қаламынан туған «Үркер», «Атау кере», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау» және тағы басқа шығармалары мәңгілік өлмес дүниеге айналған. Туындылары ағылшын, орыс, қытай, жапон, араб тілдеріне аударылған. Оралхан Бөкейдің кітаптары желісімен түсірілген фильмдер мен қойылған балет қаламгерді әлемдік деңгейде одан сайын тантты.

Кездесуде сөз алған Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры Асхат Байұзақов: «Бұл кештің басты мақсаты – қазақ елі жазушыларының шығармаларын кеңінен таратып, таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ол кісінің бүгінгі таңдағы мерейтойына байланысты еске алу. Шығарған шығармаларын жаңғыртып, жастарға, жас буындарға, келешекке таныстыру», — деді.

Алтай тауларының бөктеріндегі алақандай ғана ауылдан шығып, алты Алашты аузына қаратқан қара сөздің зергері, қазақ әдебиетінің көкжиегін көз жетпес қиырларға кеңейтіп қана қоймай, әлемдік әдебиеттің де дүбірлі аламанында олжа салған дана суреткер, ұлт журналистикасына тың жаңалықтар әкелген көсемсөз шебері, талантты қаламгер – Оралхан Бөкей.
Аз ғұмырында артында атан түйеге жүк болар, саналы пендеге ой салар, баға жетпес мол әдеби мұра қалдырған қаламгердің, жаратушы нәсіп еткен жарты ғасырлық өмірі де барша қазаққа өнеге. Сыршыл да жүрдек қаламмен қалың ооқырманның жүрегін баураған дарынды жазушының ғибратты ғұмыры дөңгелек үстелімізге арқау болды.

Жиынға қонақ болған Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Жазушы» баспасында 15 жыл редакторлық, «Хабар» агенттігінде аудармашы-стилист қызметін атқарған, белгілі ақын-аудармашы, журналист – Заманбек Әбдешев, Қазақстан Республикасы Мəдениет саласының үздігі, «Үш Қоңыр» газетінің меншікті тілшісі, күйші, ақын Талап Қанағатұлы, Зайсан ауданының мәдениет бөлімін басқарған, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері – Бауыржан Құмарбековтер жазушы туралы толымды ойларын айтып, естелік әңгімелерімен бөлісті. Сондай-ақ жазушының шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетілді. Кешті ұйымдастырушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығынан мол мағұлмат беріп, кітапхана қорындағы жазушының еңбектерімен таныстырды.

Захра Маханова,
курсқа қатысушы

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді