jasqazaq.kz

Ұлттық ұлан: Әскери қызметшінің отбасына қысым көрсетілгенін дәлелдейтін фактілер расталған жоқ

12 қантар, 15:20

Ұлттық ұлан әскери қызметшісі Данияр Амалбековтың өліміне, оның отбасының әскери құрылымдар тарапынан қысым көрсетілгені жөніндегі мәлімдемесіне қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Әлеуметтік желіде сарбаздың әкесі Серік Амалбеков өзіне қысым көрсетілгенін, әскери құрылым өкілдері баласының әскерге дейін ауырғаны жөнінде бейнеүндеу жазуға мәжбүрлегенін айтқан еді. Сондай-ақ отбасы лейкоз диагнозы туралы нұсқаны жоққа шығарып, ресми медициналық растау болмағанын жария етті.
Ұлттық ұланның ресми хабарламасында Данияр Амалбеков әскери бөлімге 2025 жылғы 9 желтоқсанда келген, медициналық көмекке алғаш рет 17 желтоқсанда жүгінгені, сол кезден бастап оған қажетті медициналық көмек көрсетілгені айтылады.
Ұлттық ұлан дерегінше, 29 желтоқсанда сарбаздың денсаулығының нашарлауына байланысты оны ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданып, Шымкент қаласындағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілген. 2026 жылғы 6 қаңтарда, қабылданған барлық шаралар мен көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, жүрек тоқтауы тіркелді. Алдын ала диагноз – жедел лейкоз.
Ұлттық ұлан бұл дерек бойынша әскери-тергеу департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазір барлық қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр, ал тергеу барысы әскери прокуратураның бақылауында.
Ресми түсініктемеде марқұмның отбасына қысым көрсетілді деген мәлімдемелерге де түсінік берілді: «Қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына қысым көрсетілгенін дәлелдейтін қандай да бір фактілер расталған жоқ. Дегенмен бұл уәждер тергеу аясында қосымша түрде міндетті түрде тексеріледі».
Сонымен қатар ведомство тарапынан марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды. Жерлеу рәсіміне қажетті көмек көрсетіліп, әскери бөлім басшылығы ата-анамен тұрақты байланыста болғаны, әрмен қарай да барлық қажетті қолдау мен жәрдем көрсетуге дайын екені атап өтілді.
Ресми хабарламада: «Бұл отбасы үшін аса ауыр қайғы екенін түсінеміз және жағдайға барынша жауапкершілікпен әрі мұқият қараймыз. Осыған байланысты азаматтарды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз», — делінген.

JQ-Aqparat

Сурет: zakon.kz

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады