jasqazaq.kz

Ұлттық киім — ұрпаққа мұра

20 қараша 2025, 9:16

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. Ұлттық киім үлгілері дәріптелген іс-шараға жергілікті қолөнер шеберлері, жас дизайнерлер, сән өнерінің өкілдері мен ұлттық өнер жанашырлары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, шығармашылық ұжымдар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен тұрғындар қатысты.

2022 жылдан бері қалалық ассамблея алаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан фестивалдің мақсаты – халқымыздың ұлттық киім үлгісінің қолданыс аясын кеңейту арқылы қоғамға заманауи үлгідегі ұлттық киім үлгілерін ұсыну және жергілікті шеберлер мен ісмерлердің, зергерлер мен дизайнерлердің өнімдерін дәріптеу, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдарға деген құрмет пен қызығушылықты арттыру.

Заманауи стильдегі ұлттық киім үлгілері дәріптелген фестивалдің ашылу салтанатына қатысқан Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева ұлттық киім мен зергерлік бұйымдарды әзірлеп, бүгінгі буынға насихаттап келе жатқан шеберлер мен ісмерлерге, дизайнерлерге айрықша алғыс айтты.

– Ұлттық киім – бұл тек сәндік элемент емес, ұлттың рухы, болмысы, тарихи жадын сақтаған қастерлі құндылық. Бүгінгі фестиваль арқылы біз жас ұрпаққа өз тамырын танытып қана қоймай, ұлттық киім өнерін жаңа деңгейге шығаратын жас таланттарға жол ашып отырмыз. Әр өңірдің киім үлгісінде халқымыздың тарихы, философиясы, дүниетанымы жатыр. Біз осы бай мұраны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы алдағы уақытта қоғамды бір арнаға ұйыстыратын түрлі жобаларды іске асыратын болады. Біздің көздегеніміз – берекелі бірлігімізді бекемдеп, қоғамдық келісімді сақтау және этностар арасындағы тұғырлы татулықты өз тұғырынан түсірмеу, деді – хатшылық меңгерушісі.

Фестиваль аясында дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің сәндік топтамалары көпшілік назарына ұсынылып, көрермендер қазақ халқының дәстүрлі киімдерінің өңірлік ерекшеліктерін, ұлттық нақыш пен қолөнер шеберлерінің озық техникалары туралы тереңірек танып, білді. Кәсіби деңгейдегі мамандардан жасақталған қазылар алқасы жұртшылық назарына ұсынылған жұмыстар мен жобалардың арасынан үздіктерін анықтады.

Қазылар алқасының шешімімен этностильдегі киім топтамалары арнайы марапаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фестиваль қорытындысымен I орынды Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Аманат рухы» ұлттық киімдер жиынтығы (жетекшісі А.Б.Шынасыл) және «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының «Шұғыла» ұлттық киім топтамасы (авторы Б.Жетібаева) лайық деп танылды.
II орынды Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің «Тау қырандары» киім жиынтығы (жетекшісі С.М.Ысқақова) және Орталық Азия инновациялық университетінің «Ұлттық киімнің түрленуі» сәндік киім үлгілерінің топтамасы (жетекшісі Б.А.Досанова), ІІІ орынды Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің «Жібек жолы» киім жиынтығы (жетекшісі М.Қ.Байзақова) мен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Нұрлы шуақ» киім жиынтығы (жетекшілері Ж.А.Ақаева, Д.А.Бейсенбаева) алды.

Ал ұлттық киім үлгілерін дәріптеуді мақсат еткен іс-шараға белсене қатысқан қолөнер шеберлері мен ісмерлерге ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Айта кетейік, фестиваль аясында заманауи ұлттық киім үлгілерімен қатар ұлттық өнердің әр жанрын қамтыған концерттік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылды.

JQ-Aqparat

22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)