jasqazaq.kz

Ұлттық құрылтай: Президент ұлттық мүддені жамылып, саяси дивиденд алғысы келетіндерді сынады

20 қантар, 13:37

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық  құрылтайда сөйлеген сөзінде отаншылдық, патриотизм туралы айтып өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Мемлекет басшысы: «Отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік деген сөз. Алайда Отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, «отаншылмын, патриотпын» деген сөзіңнің құны көк тиын болмақ.
Қазір қоғамда «Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?» деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы  әрдайым орындалуға тиіс.
Дегенмен, ең алдымен, заңның түпкі мәнін терең түсіну керек. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларды жөнімен пайдаланатын отаншыл азаматтарды барынша қолдау қажет.
Мен үйлерде, көліктерде, көшелерде, сондай-ақ еліміздегі, әсіресе, шетелдегі спорттық және іс-шараларда көк Туымыз желбіреп тұрғанда қуанып қаламын. Сол арқылы еліміздің азаматтары бірлігі бекем ұлт екенімізді көрсетеді. Олардың әрекеттерінен туған елін мақтан тұтатыны байқалып тұрады», — деп, патриот болу азаматтық жауапкершілік екенін еске салды.
Сондай-ақ ұлттық мүддені сылтауратып, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты қастерлі сезімнен саяси дивиденд алғысы келетін адамдар керек емес екені кесіп айтты.
JQ-Aqparat

Сурет: aqorda_resmi

 

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге