jasqazaq.kz

Ұлттық қүрылтай: Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент институтын құруды ұсынды

20 қантар, 14:20

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда Қазақстан Республикасы Вице-президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Мемлекет басшысы: «Әр нәрсенің өз уақыты бар деп халық бекер айтпайды. Менің ойымша, дәл сол уақыт келген сияқты. Бүгін Ұлттық құрылтайдың қорытынды отырысында жаңа әрі маңызды ұсынысымды айтқым келеді. Мен ұсынып отырған бұл жаңашылдық бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қалыптастырған бүкіл саяси құрылымды өзара үйлестіріп, толықтырады. Әңгіме Қазақстан Республикасы Вице-президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы», — деді.
Мемлекет басшысының айтуынша, вице-президентті Президент Парламенттің келісімімен, қарапайым көпшілік дауыспен тағайындайды. Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысының өзі айқындайды.
Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:
– Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық форумдарда және шетелдік мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде таныстырады;
– Президенттің мүдделерін Парламентте білдіреді;
– отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
– Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады