jasqazaq.kz

«Ұлт болашағын қорғауымыз қажет!» Алматыда қоғам белсенділері ЛГБТ насихатын қылмыс деп тануды талап етті

13 қараша, 15:52

Бүгін Алматыда қоғам белсенділері мен азаматтық ұйым өкілдері ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін нормалар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Шарада қоғам қайраткерлері мен заңгерлер өз ойларын білдіріп, ЛГБТ насихатының қоғамға және балалар тәрбиесіне әсеріне алаңдаушылықтарын жеткізді.

Қазақстанның Құрметті жазушысы Марат Тоқашбаев қоғамның ортақ ұстанымын былай жеткізді:

— Біз бұл жерде көпшіліктің пікірін айтып отырмыз. Ал азшылықтың құқығы қорғалуы керек болса, көпшіліктің құқығы тапталуы керек пе? Ол қандай заң? БҰҰ 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Жалпыға ортақ адам құқықтары туралы Декларациясында әрбір адамның құқығы қорғалады делінген. Ол жерде тек қана біржыныстылардың құқығы қорғалсын демеген. Біз қалай өз ұрпағымызды қорғағымыз келеді, солай қорғаймыз. Өзбекстанда ЛГБТ өкілдерін ұрып-соғып кететін жастар ұйымы пайда болыпты. Бұл заңды емес. Дегенмен қоғам қарсы. Иран, Ауғанстан секілді 7-8 елде сондай ұстанымдағы адамдарды дереу тас атып өлтіреді не дарға асады. Біз оны талап етіп отырған жоқпыз. Біржыныстылар білгендерін істесін. Бірақ оны насихаттап біздің ұрпағымызды бүлдірмесін”- деді ол.

Қоғам белсендісі және петиция авторы Бағила Балтабаева бұл бастаманың мақсаты адамдардың жеке өмірін айыптау емес, ұлттың рухани және психологиялық саулығын қорғау екенін айтты:

— Бүгін біз ЛГБТ насихатына тыйым салу мәселесі бойынша жиналдық. Бұл кей адамдардың жеке өмірін айыптау деген сөз емес. Оны шатастырмау қажет. Бұл — балалардың психологиялық саулығын және ұлттың рухани және адами қасиеттерін қорғау туралы заң. Бүгінде кейбір топтар өз ойларын қоғамға барынша сіңдіріп, бұл мәселені өзге әлеуметтік қиындықтармен байланыстырып шиеленістіріп жіберді. Мұндай теріс бағыттағы идеологиялық насихаттарға жол беруге болмайды. Мемлекеттің басты дінгегі, ол — дәстүрлі отбасы құндылығын сақтай білген адамдардан құралады. Қазақ отбасы ежелден ана мен әкеге деген құрмет пен ұрпақ абыройы мен тәрбиесіне негізделген. Сол құндылық халқымызды ғасырлар бойы сақтап келген. Еркек пен әйел қосылып, дәстүрлі отбасы құрғанда ғана ұрпақ сүйіп, сол ұрпақтан адамзат жалғасын табады. Еркек пен еркектен, әйел мен әйелден ешқашан ұрпақ тарамайды және тарамаған да. Бүгінде ешкім ешкімнің жеке өміріне араласпайды. Дегенмен жеке өмір мен ашық насихаттың арасындағы шекараны сақтау — қоғамның міндеті. Әсіресе бұл балаларға қатысты болса, аса маңызды. Азғындық идеологиясы бар кино, мультфильм және әлеуметтік желі арқылы таралатын азғын ақпараттар баланың сана-сезіміне әсер етіп, табиғи түсініктерін бұрмалайтыны анық. Біз балаларымыздың өмірін, ұлт болашағын қорғауға міндеттіміз, — деді қоғам белсендісі.

Заңгер Шолпан Бостанқызы ЛГБТ мен оған қатысты идеологиялық насихатқа қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет екенін айтты:

— Мұндай насихаттарда қылмыстық әрекет бар. Заңгер ретінде айтатыным, адамзатқа табиғи түрде берілген психологиялық саулығына ешкім де нұқсан келтірмеуі қажет. Яғни, педофилия және ЛГБТ бағдары бойынша насихаттың артында теріс пиғыл бар. Ол әкімшілік жазаға тартылмауы қажет. Ол — қылмыстық жазаға тартылуы қажет,- деді заңгер.

Олжас Әбдіхалық

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды