Үлкен болып мен қоймадым, кіші болып ол қоймады

15 қыркүйек 2023, 10:00


Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әзілкеш Нұрболхан Шарапов арадағы дауларына нүкте қойды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады
Нұрболхан Шарапов көпшіліктің көзінше, Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады.
“2019 жылдан бері 4 жыл өтіп кетті. “Не болды?”, “Сендердікі хайп болды ма?”, “Шынымен достастыңдар ма?” деген сұрақтарды бүгінге дейін қоятындар бар. Барлығы өткінші, өтеді де кетеді. Қанша дегенмен, көрісіп, білісіп жүрген жанбыз. Сол себепті соңына дейін тырысып жүргеніміз жарамас. Көрерменнің, сіздің және менің оқырманымның алдында сізден кешірім сұрайын деп тұрмын. Кіші болып қоя салуыма болар еді. Бірақ сол кездегі эмоцияның, балалықтың, шалалықтың тірлігі деп білемін. Сізден шын жүректен кешірім сұраймын, егер кешіре алсаңыз. Сәлеміміз түзу болсын. “Әр қазақ менің жалғызым” дегендей, бұдан былай мұндай жағдай қайталанбайды деп ойлаймын”, – дейді Нұрболхан Шарапов.
Ләйлә Сұлтнақызы да өз кезегінде үлкендігін көрсетіп, әріптесіне сәттілік тіледі.
“Мен ренжіген жоқпын, ренжімеймін де. Үлкен болып мен қоймадым, кіші болып сен қоймадың. Қазір уақыт өтті, есейдік, ақыл кірді. Сен де кішкентай қыздардың әкесісің, менің де ұлдарым өсіп келе жатыр. Жауапкершілік деген бар. Уақыт, жағдай есейтті. Сыйластық жеңді. Біз Нұрболхан екеуіміз әріптеспіз, ол қазір жоба жүргізіп жүр. Әріптес, әпке ретінде жобаға жоғары рейтинг тілеймін”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді