Ұланғасыр Қамиев: Ондай видеоға сене бермеңіздер!

01 тамыз 2023, 11:02

Кеше әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған видеосы тараған болатын. Көпшілік видеодағы азаматтың танымал әнші Ұланғасыр Қамиев екенін және оқиғаның Үшарал қаласында болғанын айтты. Жетісу облыстық полиция департаментінің түсініктемесінен кейін әнші осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
«Қазақ елі, қалайсыздар? Бүгін Алматыдан Арқалық қаласына тойға келдік. Өкінішке орай, графиктің тығыз болуына байланысты, кеше қайда болғаным есімде жоқ. Жол ұзақ екен, осы жаққа келіп, желіні қоссақ, «Ұланғасыр Қами» деп шулап жатыр екен. Дос-жара, туған-туыс, оқырмандардың бәрі «Хәлің қалай? Не болды» деп сұрап жатыр. Хәлім жақсы, шүкір. Ондай видеодағыдай қатты ештеңе болмады. Енді ондай видеоға сене беруге болмайтынына қазақтардың еті үйреніп қалған шығар. Ол жерде расы бар, өтірігі бар. Сондықтан бәрі жақсы, шүкір. Көріп тұрғандарыңыздай, Аллаға шүкір», — деп жазды Ұланғасыр Қамиев Instagram парақшасында.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады