jasqazaq.kz

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы қорғаныс бөгетін қайта жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлді

03 қараша, 9:30

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін қайта жаңғыртуға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде.

Реконструкциялау жұмысының мақсаты – құрылыстың беріктігін нығайту және елді мекеннің толыққанды қорғалуын қамтамасыз ету. Бөгетті толық реконструкциялау жобасына автожолдарды қалпына келтіру, темірбетон плиталарын төсеу, дренаж жүйесі және абаттандыру кіреді. Барлық іс-шара аяқталғаннан кейін гидрологиялық нысанның жоғарғы деңгейі 2024 жылғы су тасқынының ең жоғары деңгейіне тең деңгейде белгіленеді.

Жобаны жүзеге асыру мыңға жуық халқы бар Тепличное ауылын су тасқынынан қорғауды қамтамасыз етеді.

Үкімет елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстарын жүргізуде. Су ресурстары және ирригация министрлігінің деректері бойынша алты өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру және салу бойынша 57 жоба, оның ішінде 13 жаңа нысан құрылысы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 57 нысанның 40-ы аяқталды, 221 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, нығайтылды, бұл жұмыстың 91%-ын құрайды.

Анықтама: Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгеті 1980 жылы пайдалануға берілген. Бастапқыда бөгеттің ұзындығы 380 метр, орташа ені 11 метр, орташа биіктігі 4 метр болған. 2024 жылғы су тасқыны кезінде СҚО Қызылжар ауданының аумағында жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Есіл өзенінің тасуы салдарынан Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгеті апатты жағдайға тап болды. 2024 жылғы су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары кезінде бөгеттің ұзындығы ұлғайтылды.

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік