Үкімет отырысында дамудың үш сценарийі қаралды

29 тамыз 2023, 12:22

Бүгін Үкімет отырысында еліміздің 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жасалды.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндауынша, еліміздің даму болжамы халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі бойынша болжамдарын, сыртқы нарықтардағы конъюнктураны ескере отырып, қалыптастырылды.
Дамудың үш сценарийі қаралды:
-базалық;
-оптимистік;
-пессимистік.
Базалық сценарий бойынша мұнайдың орташа бағасын барреліне 80 АҚШ доллары деңгейінде алу ұсынылады.
Болжам бойынша 5 жыл ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 5,8%-ті құрайды.
Инфляция 2024 жылы 6-8%, 2025 жылы 5,5-7,5% деңгейінде айқындалды, кейіннен 2026–2028 жылдары 5%-ке дейін төмендейді.
2024 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,3%-ті құрайды, 2028 жылы 6%-ке дейін өседі.
Номиналды ЖІӨ 2024 жылғы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі.
Экономиканың барлық базалық салаларында өсу күтілуде. Мәселен, өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны 4%-ті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 4,9%-ті, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 3,1%-ті құрайды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі 4,5%-ті құрайды.
Құрылыс саласындағы болжамды өсу орта есеппен 8,8%-ті, саудада – 7,4%-ті құрайды.
Экспорт көлемі 2024 жылы 83,1 млрд АҚШ долларынан 2028 жылы 94,8 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаяды, импорт 60,7-ден 65,6 млрд АҚШ долларына дейін өседі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды