Үкімет кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді

23 тамыз 2023, 16:22

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен еліміздегі орта бизнес өкілдерімен кездесу  өтіп жатыр. Үкіметтің баспасөз қызметі жазғандай, басқосуда Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстары кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесуде сөйлеген Әлихан Смайылов Үкімет жұмысы дамыған кәсіпкерлікке негізделген әртараптандырылған экономика құруға бағытталғанын атап өтті. Оның ішінде орта бизнес негізгі локомотивтердің бірі болмақ.
«Оңтүстік өңірлердегі іскерлік белсенділік айтарлықтай жоғары, ал кейбір көрсеткіштер бойынша олар көш бастап тұр. Бұл облыстарда дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығы, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс, сондай-ақ сауда-саттық дамыған», — деді Үкімет басшысы.
Кездесу аясында орта бизнестің жұмыс істеп тұрған жобалары мен жаңа кәсіпорындарды іске қосу бойынша жоспарлары таныстырылды.


Кездесу кезінде кәсіпкерлер несиелеу мен субсидиялаудың қолжетімділігін арттыру, жетіспейтін теміржол және көлік жолдарын салу, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, экологиялық заңнама нормаларын сақтау және ірі сауда желілеріне бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

Премьер-Министр атап өткендей, кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау – Үкімет жұмысының маңызды бөлігі.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикада шағын және орта бизнес нысандарының саны 27%-ға, ал осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 18%-ға өсіп, 4,1 млн адамға жеткен. Жалпы елдің ЖІӨ-сіндегі ШОБ үлесі 36,5%-ға дейін өсті.
Үкімет басшысы бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының өсуі 4,8%-ға дейін жеделдегенін, бұл жақсы көрсеткіш екенін айтты. Сонымен қатар Үкімет тиісті даму бағдарламаларын іске асыруды жалғастыруда.
«Біздің мақсатымыз – экономикалық өсімді 7-ден 10%-ға дейін арттыру, бірақ бұл үшін банктер қолжетімді несиелер беріп, кәсіпкерлер көтеріп отырған өзекті мәселелерді шешу қажет. Осы мәселелердің барлығы бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деді Премьер-Министр.
Әлихан Смайылов Үкімет Аппараты, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлер әкімдіктерінен кездесуде көтерілген мәселелер мен ұсыныстарды тиісті дәрежеде пысықтап, сондай-ақ орта бизнеспен өткен кездесулер барысында айтылған мәселелердің шешілуіне мониторинг жүргізуді талап етті.
JQ-Aqparat

Суреттер: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз