Үкімет басшысы Риддердегі ЖЭО-ны коммуналдық меншікке беруді жеделдетуді тапсырды

06 қазан 2023, 14:43

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып,  Риддер қаласындағы ЖЭО жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің айтуынша, стансадағы 6 қазандықтың 2-уі іске қосылған.


Жақын арада тағы біреуі іске қосылып, тұрғындар жылумен толық қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар қалған агрегаттар мен қосалқы жабдықтарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Жалпы бүгінде мазут сорғы стансасын, отын беру трактісін, турбогенератор және байланыс трансформаторларын жөндеу, жылу желілерінде гидравликалық режимді қамтамасыз ету үшін сорғы станцияларын электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Қазандық пен турбиналық цехтардың шатыры жөнделді.
Көмір тасымалданатын теміржолдарды жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын.
Үкімет басшысы өткен жылыту маусымында Риддер ЖЭО апатты жағдайда жұмыс істеп, жиі тоқтап қалғанын, нәтижесінде тұрғындар қыстың көзі қырауда жылусыз қалғанын атап өтті.
«Бұған бұрынғы қожайындардың стансаны жаңғырту мен жөндеу жұмыстарына қаражат салмағаны себеп болды. Осының барлығы ЖЭО-ның әбден тозуына әкеп соқты. Республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге бөлуге мәжбүр болдық. Облыс әкімдігі өз тарапынан 500 млн теңгеге жуық қаржы бөлді. Осы уақытқа дейін жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Алдағы жылыту маусымының дұрыс өтуі үшін олардың уақтылы аяқталуы маңызды. Мұны күні-түні қадағалап отыруымыз керек», — деді Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ ЖЭО-ны коммуналдық меншікке беру процесін жеделдетуді тапсырды.

Нысанда Премьер-Министрге аймақтың жылу беру маусымына дайындығы туралы да баяндалды. Бүгінгі күні бюджеттік ұйымдарды (830-дан астам нысан), тұрғын үйлерді (3 мыңнан астам), инженерлік желілер мен қазандықтарды дайындау жұмыстары аяқталды.
ЖЭО мен су электр стансаларында да осыған ұқсас жағдай, дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.

JQ-Aqparat

Суреттер: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді