jasqazaq.kz

Ықпалды Парламент – Мемлекет тірегі

09 қыркүйек 2024, 12:28

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдіктің үштағаны саналатын Президент, Парламент және Үкіметтің міндеті мен атқаратын қызметінде жаңашыл өзгерістер болатынын жеткізген еді. Мемлекет басшысы Қос палаталы Парламенттің беделін арттырып, ықпалын нығайту арқылы халық үніне құлақа асатын Үкіметтің ісін ілгері бастыруға болатынын атап көрсетті. Жаңа Қазақстанда азаматтық қоғам институты қалыптасып, жүйелі жұмыс істегенде ғана әділеттілік орнап, халықтың мұң-мұқтажы, әлеуметтік әлеуетін көтеруге бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады.

Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Мемлекет басшысы ұсынған «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» ұстанымы елдіктің нышаны дейді. Стратегиялық мақсат-мүдде жолындағы маңызды қадам саналатын бұл бағытта бағдарымыз айқын дегенді алға тартады. Жаңа сессияның жұмысын бастаған Парламенттің қуаты жылдан-жылға күш алып келе жатыр.
Ықпалды Парламенттің жарқын көрінісі депутаттар көтерген мәселенің оңтайлы шешімінен айқындалады. Сенатор жергілікті халықтың өтінішін Үкіметке жеткізіп, түйткілдің оңтайлы шешілуіне ықпал ету мақсатында бірнеше депутаттық сауал жолдап, үлкен іске қозғау салып келеді. Jasqazaq.kz Парламент Сенатының депутаты Жанболат Әкебайұлынан халық қалаулыларының көтерген мәселесі қалай шешімін табатынын білмекке сұрау жолдады.

Жанболат Жөргенбаев, Сенат депутаты:

«Алматы облысының тұрғындарына электр қуатының жетіспеушілігі және елді мекендерді газдандыру мәселесі бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов мырзаға депутаттық сауал жолдадым. Елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді, олардың жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 146 жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бар. Осы орайда халықтың электр энергиясына 100 пайыз қол жеткізуіне қарамастан, электр желілерінің тозуы мәселесі өте өзекті болып отыр. Экономикалық зерттеулер институтының сауалнамасының нәтижелері бойынша, электрмен жабдықтаудың ең төмен сапасы Маңғыстау және Ұлытау облысында байқалады. Бұл статистикаға Алматы облысы да қосылуы мүмкін. Себебі облыста 4 жаңа индустриялық аймақ салу және 2050 жылға дейінгі қолданыстағы аймақтарды дамыту жоспарланып отыр. Демек алдағы уақытта мамандардың есептеулері бойынша, электр энергиясына қажеттілік 3 400 МВт-қа дейін артады, қазіргі тұтынуы орта есеппен 550-630 МВт құрайды. Бұл өте ауқымды мәселе екенін көтердім».

Түйткілді оңтайлы шешуді қарастырып отырған ел Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желісін дамыту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп келе жатқаны белгілі. Сенатор Жанболат Жөргенбаев Парламенттің қуатты болуы мемлекеттің нығаюына септігін тигізеді дейді.

Қуан Көшек,
Астана

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті