ҰҚК Таяу шығыстан есірткі тасымалдайтын топты ұстады

05 қыркүйек 2023, 14:18

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий акваториясы арқылы Таяу Шығыс аумағынан есірткі заттарын елімізге контрабандалау арнасының жолын кесті.
ҰҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, биылғы 3 қыркүйекте Маңғыстау облысында есірткі мәмілесін жасау барысында бір топ адам ұсталды, олардың қатарында Мемлекеттік шекарадан шағын өлшемді жүрдек катерлермен заңсыз өткен шетел азаматтары да бар.
Хабарламада: «15 кило апиын, 20 кило гашиш, 50 қорап «трамадол» апиынды анальгетигі, сондай-ақ навигация және техникалық байланыс құралдары тәркіленді. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», — делінген.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді