jasqazaq.kz

ҰҚК 2025 жылы 75 млрд теңге көлемінде залалдың алдын алды

06 қантар, 10:54

ҰҚК Шекара қызметінің 2025 жылғы іс-қимыл нәтижелерінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылы құзыретті органдармен өзара іс- қимыл жасай отырып, Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуді қамтамасыз ету шеңберінде:
— Шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 52 мыңнан астам адамды жауапқа тартты.
— Тауарлар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз қозғалысының 17 541 фактісінің алдын алды, оның ішінде:
— есірткі заттары — 344 факті (1,5 тоннадан жоғары);
— қару мен оқ-дәрілер — 847 факті;
— діни әдебиеттер — 315 факті;
— жанар-жағармай материалдары — 5 900 факті;
— халық тұтынатын тауарлар — 8 083 факті;
— валюталар — 2 052 факті.

— Каспий теңізінің су айдынында 607 браконьерлік фактінің жолын кесті, нәтижесінде:
— жүзу құралдары — 226 бірлік;
— браконьерлік аулау құралдары — 580 км тор;
— бекіре тұқымдас балық түрлері — 2 376 дана;
— қара балық түрлері — 7 193 дана;
— итбалықтар — 24 дана.

Алдын алған залалдың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден астамды құрады.

Жыл бойында ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанның құқық қорғау органдарымен және шетелдік серіктестерімен өзара іс-қимыл жасап, 48 шекаралық, 2 ведомствоаралық (есірткінің заңсыз айналымы мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл) және 5 халықаралық операцияға (ШЫҰ, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі, Каспий теңізінің су айдынындағы заңсыз іс-әрекеттерді тоқтату шеңберінде) қатысты.

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге